«Жылыой аудандық орталық ауруханасы» медицина қызметкерлері арасында АИТВ мәселелері бойынша семинар

- admin_atsc
- 24.03.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 16 наурызында Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова, Д.Жарилгасова медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлеріне жоспарлы әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік көмек барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай;
– клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ инфекциясына зерттеп-қарау, соның ішінде жүкті әйелдер және олардың жыныстық серіктестерін уақытылы тексеру;
– медициналық араласулар кезіндегі апаттық жағдайларда жүргізілетін шаралардың алгоритмі;
– жедел тестпен тестілеу әдісі бойынша тәжірибелік сабақ.
Сонымен қатар АИТВ-инфекциясының алдын алу үшін жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Семинарға 54 адам қатысты.
comments powered by HyperComments