Медициналық ұйым директорларының орынбасарларына арналған семинар

- admin_atsc
- 31.03.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 30 наурызында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 27 наурыздағы №105 бұйрығын орындау мақсатында облыстық және аудандық ауруханалардың және жеке медициналық ұйымдардың директорларының орынбасарлары арасында «АИТВ- инфекциясына тестілеуді ұйымдастыру»тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Бағдарламаға сәйкес шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашты. Семинарда орталықтың мамандары жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеру, халықты АИТВ инфекциясына тестілеу, рецепиенттерді АИТВ-ға тексеріспен қамту, жедел тестілеудің сапасын бақылау бойынша баяндады.
Қатысушылар тақырып аясында қойған сұрақтарына толық жауап алды. Семинарға 45 адам қатысты.
comments powered by HyperComments