Атырау қ. ЖШС қызметкерлерімен кездесу

- admin_atsc
- 10.05.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 2-5 мамыр аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының маманы М.Баймуханова қаладағы «КА КСС », «Казахстан Каспиан оффшор Индастриз»,«Ұлттық спорт түрлері», «Экспертиза» ЖШС мен «Жумагалиева» ЖК қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты:Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай мен берілу жолдары, профилактикалық және емдік іс-шаралар туралы айтып берді. Сонымен қатар АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейтіндігіне және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өткендігі туралы түсіндірді.
Іс-шара барысында, ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, көптеген сұрақтарға жауаптар берілді.
comments powered by HyperComments
ein binance Konto er"offnen
2025-04-09 00:01:31
Can you be more specific about the content of your article? After reading it, I still have some doubts. Hope you can help me.