12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні

- admin_atsc
- 11.05.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Құрметті Атырау облыстық ЖИТС орталығының медбикелері!
Денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтаймыз.
Осы күн аясында сіздер АИТВ жұқпасының профилактикасына үлес қосып, тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, кәсіби деңгейлеріңізді көтеру бағытында еңбек етудесіздер.
Ерең еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер. Зор денсаулық, жұмыста табыс, бақыт және амандық тілейміз.
comments powered by HyperComments