ЖШС қызметкерлерімен кездесу

- admin_atsc
- 26.06.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 19-21 маусым аралығында облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У.
Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде: «Коллекторское агенство», «Тайм Инвест», «КА КСС» , «Тенгиз Техно Сервис» ЖШС қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында дәрістер өткізді.
Шараның басты мақсаты – халықты АИТВ инфекциясы және оның таралу жолдары, сақтық шаралары туралы ақпараттандыру.
Спикер тыңдаушыларға АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол берілмейтіндігін атап өтті, сонымен қатар бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өткендігіне тоқталды.
Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық материалдары таратылды.
бнанс бонус за рестрацю
2024-12-12 13:51:34
Your article helped me a lot, is there any more related content? Thanks!