Тәрбиешілер арасындағы дәріс

- admin_atsc
- 03.08.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2023 жылдың 27-28 шілде аралығында Атырау АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС-ті білу маңызды!» тақырыбында қаладағы №18 «Балдырған», №16 «Дюймовочка» балабақшадағы тәрбиешілер арасында дәрістер өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.
Дәріс барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы айтылды.
Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылды.
comments powered by HyperComments