Бизнес құрылымдар арасындағы дәріс Атырау қаласы

- admin_atsc
- 05.09.2023
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. Атырау қаласының бірқатар мекемелерінің: «АРЫН», «Бак Даулет»ЖШС, «Кордик», «УзаковаУ» ЖК «Шапошникова И.» қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында дәріс өткізді.
Дәрістің басты мақсаты – халықты АИТВ инфекциясы және оның таралу жолдары, сақтық шаралары туралы ақпараттандыру. Спикер тыңдаушыларға АИТВ туралы толық ақпарат берді, оларды заманауи алдын алу шараларымен, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы таныстырды.
Дәріс соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments