Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне арналған акция

2023жылдың 21 қарашасында ARES petrorechnic жоғары колледжінде Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай  акция өтті.

Акцияға Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М. Баймұханова, Атырау облыстық ІІБ есірткіге қарсы күрес бөлімінің аға жедел өкілі М. Жанғалиева және салауатты өмір салты орталығының мамандары Л. Өтебаева, Қарасақ А. қатысты.

Акция кезінде мына оқу орындары  студенттерінің қатысуымен  флешмоб байқауы өтті:

– Атырау бизнес және құқық колледжі

– О. Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжі

– Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі

– «Болашақ» Атырау жоғары көпсалалы колледжі

– Халықаралық қатынастардың жоғары инновациялық колледжі

– ARES petrorechnicЖоғары колледжі

Сонымен қатар іс-шара бағдарламасына:

– АИТВ инфекциясының алдын алу туралы мамандардың сөз сөйлеуі

– АИТВ-ны берілу жолдары туралы студенттердің сахналық көріністері

– акцияға қатысушылар арасындағы викторина  енгізілді.

Іс-шара жеңімпаздар мен қатысушыларға марапаттар мен бағалы сыйлықтар ұсынумен аяқталды.

comments powered by HyperComments
M mt tài khon binance
2025-03-01 11:15:14
I don't think the title of your article matches the content lol. Just kidding, mainly because I had some doubts after reading the article.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey