АИТВ алдын алу: қызметкерлерге дәріс оқытылды

- admin_atsc
- 16.02.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
АИТВ орталығының мамандары Р.Муканова мен М.Баймуханова ЖШС “ЛаВаТранс” және ЖШС “КТЖ-грузовые перевозки” қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында дәріс оқыды. Бұл шараның мақсаты – АИТВ індетінің алдын алу, жұқтыру жолдары мен қорғану тәсілдері туралы дұрыс ақпарат тарату, сондай-ақ қоғамда АИТВ туралы түсінік қалыптастыру болды. Дәріс барысында мамандар АИТВ мен ЖИТС туралы маңызды мәліметтер беріп, жыныстық денсаулықты сақтау, қауіпсіздік шараларын қолдану және АИТВ-ның алдын алу әдістерін түсіндірді. Сонымен қатар, қызметкерлер өз сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.
comments powered by HyperComments