Жоғары сынып оқушыларына арналған дәріс

- admin_atsc
- 16.03.2025
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Абай атындағы №15 орта мектепте АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі Жупар Имангалиева АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында Жупар Имангалиева 9-11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының таралу жолдары, аурудың алдын алу шаралары, белгілері және онымен күресу жолдары туралы толық ақпарат берді. Дәріс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Оқушылар АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын жақсы түсініп, денсаулықтарына қамқорлық жасау қажеттілігін түсінді.
comments powered by HyperComments