Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жастар денсаулығы – басты назарда: №12 мектептегі кездесу

№12 мектепте АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, жеке гигиенаны сақтау және салауатты өмір салты туралы маңызды ақпараттар берілді.

Оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастардың денсаулық туралы білімін арттырып, қауіптің алдын алуға көмектеседі.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey