АИТВ орталығының мамандары Облыстық балалар ауруханасында семинар өткізді
- admin_atsc
- 25.07.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық балалар ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ инфекциясының алдын алу және ерте диагностикалау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Семинарды АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, жүкті әйелдер мен балалар арасында инфекцияның алдын алу, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, клиникалық жағдайлар талданып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыру, АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша тиімді тәсілдерді кеңінен насихаттау және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту.
comments powered by HyperComments










