№25 ЖӘНЕ №51 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АИТВ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
- admin_atsc
- 06.10.2026
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
№25 және №51 мектеп оқушылары арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу және жастардың денсаулық мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпараттарды ұсынып, оның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және сақтану тәсілдері жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, салауатты өмір салтын ұстанудың және денсаулыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша тек сенімді әрі дұрыс ақпаратқа сүйенудің маңызы айтылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық форматтағы әңгіме жасөспірімдердің АИТВ-инфекциясы туралы білімін арттырып, алдын алу шараларына назар аударуға мүмкіндік берді.
АИТВ туралы дұрыс ақпараттану – инфекцияның алдын алудың маңызды қадамы.
Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
comments powered by HyperComments










