Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Құттықтау

Атырау облыстық АИТВ орталығының дәрігер эпидемиологы Мұқанова Рашида Тұрымқызын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы тарапынан «Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. АИТВ орталығының ұжымы және «Сенім» кәсіподақ ұйымы атынан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз.

Терроризмге қарсы тренинг өткізілді

Атырау  облыстық  АИТВ -инфекциясының алдын алу  орталығының  заңгері  М.Т.Баянова  орталықтың  мамандарына  «Нысанды  терроризмге  қарсы қорғау» тақырыбында тренинг өткізді. Барлық материалдар  слайдтармен түсіндіріліп, маман қатысушылардың қойылған сұрақтарына  жауап берді.  Қатысқандар саны- 20.

Әріптестерді құттықтау

Атырау  облыстық  АИТВ -инфекциясының алдын алу  орталығының   директоры  А.Б.Кудаманова  орталықтың медбикелері  А.Г.Жандалиева  мен З.Г.Зулхарнаеваны  ұжымның  кәсіподақ ұйымы атынан құттықтап, туған күн иелеріне  дендеріне саулық, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.                       

Атырау облысының тар бейінді мамандарымен бірлескен семинар

  • admin_atsc
  • 09.10.2024
  • Видео
  • Пікір жоқ

Халықтың түйінді топтары, әсіресе гомосексуалды жыныстық қатынас арқылы АИТВ-инфекциясының жұғуының алдын алу үшін қатынасқа дейінгі профилактика (ҚДП) емін жүргізу маңызды. Себебі, қорғану шараларын қолға алмағандар көп жағдайда вирус жұқтыруға бейім келеді.  Осыны түсіндіру мақсатында Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында арнайы жиын өтті. Семинарға қаладағы, аудандардағы ауруханалар мен емханалардың уролог, проктолог, андролог, венеролог дәрігерлері шақырылды….

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2024 жылдың 2 қазаны күні «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының комплаенс-офицері, орталықтың медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында құқықтық түсіндірме жұмысын өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысы таныстырылып, талдау барысында орын алған жағдайлар, сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексінің, ҚР Әлеуметтік кодексінің, ҚР…

АБ медикал мен Интелмед медициналық орталықтарына АИТВ туралы семинар

Атырау облыстық   АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы  А.З.Сабекеева   АБ  медикал мен  Интелмед медициналық  орталықтарының    медицина  қызметкерлері арасында семинар өткізді. Семинарда  Атырау облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, емдеу-сауықтыру мекемелеріндегі апатты жағдайда АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары , АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу туралы  ақпарат  берді.    Слайдтар мен таныстырылып, мамандардың сұрақтарына жауаптар  берілді.  

Марапатыңызбен құттықтаймыз!

  Атырау облыстық  АИТВ –инфекциясының  алдын алу орталығының  зертхана меңгерушісі  Кулаш  Вахитқызын   “Зертханалық медицина Федерациясы”ЖШҚ ның  ұйымдастыруымен өткізілген конкурсқа  қатысып,  «Ветеран  Лабораторной Службы Казахстана» дипломын  иеленуімен  құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық,  отбасыңызға  бақыт, еңбегіңізге  табыс тілейміз.                                    

ТҰМАУ ИНФЕКЦИЯСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

2024 жылдың 26 тамызында АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігері Г.Умарова тұмау инфекциясы бойынша семинар өткізді. Сондай-ақ, орталық мамандарын тұмау инфекциясы бойынша жаңа қаулымен таныстырды.

№5 емханаға әдістемелік көмек

2024  жылдың  26 қыркүйегінде  орталықтың  дәрігер эпидемиологы А.Сабекеева  №5 емхана    медицина қызметкерлері үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстар мен оқыту семинарын өткізді. Семинарда  медициналық мекемелерінде орын алатын апаттық жағдайдың алдын алу шаралары, АИТВ-инфекциясын жұқтырғандарды дер кезінде анықтау мәселесі ,  жүкті  әйелдер мен  олардың серіктестерінің   тексерілуі ,кодтарды дұрыс қоюы бойынша  АИТВ инфекциясына жедел тестті қалай қою керектігі туралы ақпарат…

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің дәрістер өтті

2024 жылдың 19- 21 тамызы аралығында АИТВ алдын алу орталығының маманы М.Баймұханова қала және аудан мұғалімдеріне дәріс оқыды.Дәрістер «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өтті. Шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey