Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қ. аутрич-қызметкерлермен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары инемен есірткі қолданатын адамдармен жұмыс атқаратын аутрич-қызметкерлермен кездесу ұйымдастырды. Жиналыста жыл бойы өткізілген жұмыстардың нәтижесі баяндалды. Алдын-алу бағдарламасының  тиімділігін көтеру мақсатындағы ұсыныстар, мәселелер және аутрич-қызметкерлердің  жұмыс  әдістері талқыланды. ССБ дәрігері Құрақова Г. және медбике Жандалиева А. сенім бекетінің қызметкерлеріне 2019 жылға  арналған жаңа міндеттер жүктеді.

ЖИТС орталығының жылдық қорытынды есебі

2019 жылдың 11 қаңтарында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының  орынбасары Өтешов М.А.  төрағалығымен медициналық кеңес өткізіліп  ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу жөніндегі  жылдық қорытынды есебі талқыланды. ЖИТС орталығының басшысы Н.А Айтмухамбетов 2018 жылдың қорытындысын баяндады.Атырау қаласы бойынша емдеу – сауықтыру мекемелерінің ЖИТС-ке  жауапты мамандары қатысты. Емдеу сауықтыру мекемелерінен…

Пенитенциарлық мекемелерде акцияға орай жүргізілген шаралар

«Өз мәртебеңді біл!» ұранымен  Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай пенитенциарлық мекемелерде шаралар ұйымдастырылды. Кездесулер  барысында  ЖИТС орталығының мамандары облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының берілу жолдарын, стигма,  дискриминация және АИТВ –мен өмір сүрушілер жайында, алдын алу іс-шаралары туралы түсіндірілді.  Жеке құрам мен медицина қызметкерлері арасында лекция өткізіліп, сауалнама жүргізілді. Бас  бостандығынан айырылғандар концерттік бағдарламалар,…

Атырау облыстық ЖИТС орталығының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік куні мерекесіне орай өткізілген іс-шара

14 желтоқсан күні Атырау облыстық ЖИТС орталығында  Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік күніне орай іс-шара өткізілді. Мемлекеттік әнұран орындалды.  Атырау облыстық ЖИТС орталығының басшысы  Айтмұхамбетов Н. А сөз сөйледі , Тәуелсіздіктің қысқаша тарихымен таныстырды. Мереке күніне орай  қызметкерлерді халық денсаулығын жақсарту арқылы қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады       

Ашық есік күні

06.12.18 Атырау облыстық ЖИТС орталығында болашағың медицина саласымен байланыстыруды көздеген №16, №30, СТГа  мектептерінің 11-cынып оқушыларына ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушыларға ЖИТС орталығының жұмысы түсіндіріліп, лабораториядағы қанды тексеру әдістері көрсетілді. Шағын экскурсиядан кейін, ЖИТС орталығының мәжіліс залында оқушылар мен орталықтың дәрігерлері ойларымен алмасты.  Оқушылар болашаққа бағытың айқындап, ынталарың күшейтіп алды.

Халыққа қызмет көрсету мекемелеріндегі акциялар

Азаматтарға арналған үкімет «ММ корпорациясы коммерциялық емес» АҚ Атырау облысы бойынша филиалдарында: Баймуханов көшесі Сатпаев көшесі Азаттық даңғылы халық арасында кең көлемді акция өтті. Оған 1029 халық және мекеменің қызметкерлері қатысты. Акция барысында халыққа оқу-ақпараттық құралдар таратылып, тегін және анонимді түрде экспресс-тест жүргізілді.

Атырау қаласы бизнес-құрылымдарына өткізілген дәрістер

10 желтоқсанда «West Dala», «LOGIC», «Atyrau Coling Supplies», «CENTECH», «Евробетон KZ» ЖШС жетекшілері мен қызметкерлері үшін «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» тақырыбында дәрістер өткізілді. Қатысушылар алдында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары жұмыс орындарында АИТВ-инфекциясының  берілу жолдарын, алдын алу шараларын баяндады. Дәріске қатысушыларға оқу-ақпараттық құралдар таратылып, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.  

Мейірбикелер арасында өткен семинар

№1 қалалық емханада мейірбикелерге  «Медициналық қызметкерлер арасындағы АИТВ-инфекциясын алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында теориялық та, тәжірибелік те мәселелер талқыланды, онда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, медицина қызметкерлерінің арасындағы науқаспен байланыстан кейінгі, донорлық қан құю, қан алу және жеткізу кезінде алдын алу шаралары талқыланды. Қорытындысында алдағы жылға қойылған жалпы міндеттер жобасы өңделді. Семинарға 45 қызметкер қатысты.

Хабарландыру!

6 желтоқсан күні Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығында ашық есік күні өтеді. Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарын АИТВ-инфекциясына тегін және анонимді түрде анализ тапсыруға шақырамыз!

희생자들은 금속 반란군 담장이나

희생자들은 금속 반란군 담장이나 발바닥에 짓밟 혔습니다. 많은 사람들이 호흡 곤란을 겪었습니다. 25 번째 팀의 체중은 1. 가중치를 부여합니다 (내가 가장 좋아하는 것) : 팀에받은 총 투표 수에 따라 팀에 가중치를 지정합니다. 사건은 또한 도시 전역에서 개최되었습니다. 팬들이 어떻게 죽었는지에 대한 배심원은 이번 달에 결론을 내리기 시작했습니다. 그는 그 해 우리 형제였습니다. 그리고 시즌 내내…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey