Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қ. №34-ші мектеп гимназиясы  оқушыларымен кездесу

2018 жылы  13 ақпанда  №34-ші көпсалалы мектеп гимназиясы  8-11 сынып оқушыларымен «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Атырау облыстық ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығының педагогы А.Тунгатарова  АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен сақтану туралы ақпарат берді. Бейнетаспа көрсетіліп және буклеттер таратылды. Қамтылды-90 адам.

Атырау облысының  бизнес-құрылым басшыларымен кездесу

2018  жылдың  13 ақпанында  «Құрманғазы» мәдениет үйінде  орталық мемлекеттік органдар және «Атамекен» кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы өкілдерінің  облыстағы бизнес-құрылым басшыларымен ЖБИ/ДЭФ аясындағы түсіндірме жұмыстары бойынша көшпелі кездесуі өтті. Кездесуде   Ұлттық экономика, Инновациялық даму, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы, Білім министрліктерінің, Ұлттық Банктің департаменттері мен басқармалары  басшылары сөз сөйледі. Облыстық ЖИТС орталығы директорының м.а. Л.Акбанова өз…

Атырау қ. Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің оқушыларымен кездесу

2018 жылдың  жетінші ақпанында  Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің 9-10 сынып оқушыларымен Атырау облыстық ЖИТС қарсы күрес және алдын алу орталығының мамандарымен АИТВ инфекциясы туралы ақпараттану дәрежесін көтеру және таралуының алдын алу , олардың жеке қауіпсіздігіне жауапты қатынас қалыптастыру мақсатында кездесу өткізілді. Педагог А.Тунгатарова және  дәрігер эпидемиолог өз сөздерінде АИТВ инфекциясының таралу және алдын алу…

Бизнес құрылым басшыларына семинар

2018 жылдың  алтыншы  ақпанында қалалық қоғамдық  денсаулық сақтау  басқармасында бизнес структураларының басшыларының   қатысуымен  семинар өткізілді. Облыстық  ЖИТС орталығының  эпидемиология бөлімінің меңгерушісі  Г. Умарова «АИТВ  инфекциясынан  сіздің бизнесіңізге қауіп жоқ» тақырыбында  баяндама жасады. Бизнес басшыларына жаһандық бәсекелестікке  қабілеттілік (ЖБҚ) көрсеткіші,  жыл сайын  АИТВ жұқпасы туралы білім деңгейі сауалнама арқылы бағаланатынын, АИТВ-ның бизнес жүргізуге  еш ықпалы жоқ…

Атырау облысында Кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жиналыс

Бесінші ақпанда Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасында «АИТВ-инфекциясының бизнеске ықпалы» тақырыбында бірлескен жиналыс өтті. Бұл шараға Атырау облыстық ҰКП директорының орынбасары Н.Шавалиева, адами капитал дамыту бөлімінің басшысы К.Кожантаев және ЖИТС орталығының директорының м.а. Л.Акбанова, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А.Муканбеткалиева, дәрігер-эпидемиолог Р.Муканова қатысты.       Жиналыс барысында Дүниежүзілік экономикалық форумының көрсеткіштерінің бірі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «АИТВ-инфекциясының бизнес жүргізуге ықпалы»…

Атырау қаласындағы бизнес құрылымдардағы кездесу

2018  жылдың  екінші акпанында:  «CP Hotels Atyrau» ЖШС пен «СиПи Резиденшнл Атырау» ЖШС  ірі және орта бизнес-құрылымдарында    облыстық ЖИТС орталығының  мамандары  А.Мұқанбетқалиева, Ж.Имангалиева «Сіздің бизнесіңізге АИТВ инфекциясынан қауіп жоқ» атты тақырыпта кездесу  ұйымдастырып, көрнекі құралдардың (бейнебаян, слайд, ақпараттық ағарту материалдары) көмегімен АИТВ/ЖИТС туралы баяндады. Тыңдаушыларға  оны жұқтырған адамдармен жұмыс  жасағанда ешқандай қауіптің жоқ екенін, стигма…

Атырау қаласындағы бизнес құрылымдардағы кездесу

2018  жылдың  қантарында, бизнес құрылымдары   ЖШС-терінде «GEO ENERGY GROUP», «Батыс Транс Групп»,  «Стройинвест-К» ЖШС-да  облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары Р.Муканова,М.Баймуханова,Ж.Имангалиева «Сіздің бизнесіңізге АИТВ инфекциясынан қауіп жоқ» атты тақырыпта кездесу, дәрістер ұйымдастырып, көрнекі құралдардың (бейнебаян, слайд, ақпараттық ағарту материалдары) көмегімен АИТВ/ЖИТС туралы баяндады. Тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, оны жұқтырған адамдармен жұмыс  жасағанда ешқандай қауіптің жоқ екенін,…

Атырау қаласы мектептеріндегі  кездесу

2018 жылдың 29-шы қаңтарында №33 Қ.Қайсенов атындағы және №1 М.Жұмабаев атындағы қала мектептерінде оқушылармен кездесу өтті.  Атырау облысы ЖИТС орталығының  педагогы А.Тунгатарова шара барысында АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу, Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ өмір сүретін адамдар құқы, кемсітушілік тақырыптары қозғалды. Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық құралдар таратылып, бейнетаспалар көрсетілді.  Барлық қамтылған оқушылар саны-194.  

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey