Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасындағы семинар

           24-25 мамырда  Құрманғазы аудандық орталық ауруханасына Атырау облыстық  ЖИТС орталығының мамандары (Г.Умарова, С.Напихова) «АИТВ-ның эпидемиологиялық ахуалы, тұрғындарды эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілім бойынша тестілеу, байланыстан кейінгі  профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру»  тақырыбында   семинар  өткізді. Семинарға  дейін  және кейін сауалнамалар  жүргізілді, 71 медицина қызметкері  қатысты.  

Атырау қаласындағы № 6655   әскери бөлімшенің  жас сарбаздарымен кездесу

2017 жылдың 24 мамыры күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігері А.А.Каракулова №       әскери бөлімшенің жас сарбаздарымен қызықты кездесу өткізді. Әңгіме  ашық және өзара түсіністікпен өрбіді. Екі тараптың да  өткізілген шара деңгейіне көңілі толды. Жастарды  АИТВ жұқпасының алдын алу, берілу жолдары, статистикалық деректер және қоғамның АИТВ жұқтырғандарға көзқарасы туралы мәселелер қызықтырды.

  Атырау қаласының  «Өнерпаз» Тұрмыс Үйіндегі тренинг

  2017 жылдың 25 мамыры күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігері А.А.Каракулова «Өнерпаз» Тұрмыс Үйінің тігін цехында тренинг өткізді. Цех қызметкерлеріне  АИТВ жұқтырған адамдарға  дұрыс көзқараспен қарауды, олармен  бірге өмір сүру және жұмыс жасауды үйретті.  АИТВ жұқтырғандарды қоғамда шеттетуге  және олардан  үрейленуге жол бермеудің маңыздылығы рольдік ойындармен пысықталды.

Қан ортаығының медицина қызметкерлер арасындағы семинар

2017 жылдың  24 мамырында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлерімен Қан орталығында жоспарлы түрде ұйымдастыру-әдістемелік көмек беру мақсатында  медицина қызметкерлері арасында «Тұрғындарды эпидемиологиялық және клиникалық көрсетілім бойынша тестілеу, постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, лабораторялық бақылау» тақырыбнда семинар өткізіліп, сауалнамалар жүргізілді. Аталған тақырыптарына баяндаушылар – зертхана меңгерушісі МеньшиковаТ.А., дәрігер- эпидемиологтар Ерғалиева Э.Ж., Ермашева М.М. қатысушылардың берілген  сұрақтарына толықтай…

Ғ.Сланов атындағы облыстық балалар кітапханасындағы  дөңгелек үстел

22 мамыр күні Ғ.Сланов атындағы  облыстық  балалар кітапханасында   ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Ұрпақ денсаулығы – басты құндылық!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығы емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Аустниязова кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарына  АИТВ инфекциясының алдын алудың, ол үшін ұрпақ тәрбиесінің  әлеуметтік маңыздылығын көрнекі құралдармен  жеткізді. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы  ақпараттық-ағарту материалдары …

Атырау облыстық ЖИТС орталығында 19 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында ұжым мүшелерінің қатысуымен семинар өткізілді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің өкілі Н.Ұзақбаев баяндама жасады.

Атырау облыстық ЖИТС орталығында 19 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында  ұжым мүшелерінің қатысуымен  семинар өткізілді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің өкілі Н.Ұзақбаев  баяндама жасады. Қандай заң бұзушылықтар сыбайлас жемқорлыққа жататыны, оған қандай жауапкершіліктер болатынымен таныстырды. Баяндама бейнебаянмен толықтырылды. Соңы тыңдаушылардың қызу пікірталасына ұласты.

Медицина қызметкерлер арасындағы семинар

2017 жылдың  17 мамырында  Атырау облыстық ЖИТС орталығында жоспарлы түрде орта буын медицина қызметкерлері арасында  эпидемиолог- дәрігері Ерғалиева Э.Ж. 23.06.2015ж. Денсаулық сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігінің  №508 « Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ- инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп- қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық бойынша слайд арқылы таныстырды. Қатысушылар берілген  сұрақтарына толықтай жауап алды.Қызметкерлер…

Жол патрульдік полициясы бөлімшесіндегі кездесу

Облыстық Ішкі Істер Департаментінің Жол патрульдік полициясында облыстық ЖИТС орталығы мамандары ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай кездесу-дәріс өткізілді. Тыңдаушылар АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпаратпен таныстырылды. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы ақпараттық-ағарту материалдары таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ашық есік күні

2017 жылдың 16 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығының ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Ашық есік күні өтті. Бұл күндері тілек білдірген 38 адам орталыққа http://www.achaten-suisse.com/ келіп, АИТВ-ға тексерістен өтіп, психоәлеуметтік кеңес алды. Келушілердің 90% жастар құрады. Орталықта бейнефильмдер жүргізіліп, қатысушыларға буклеттер таратылды.

Атырау облысындағы пресс-конференция

2017 жылдың 16 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығының конференц-залында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында баспасөз өкілдерімен пресс-конференция өткізілді. Шараға «Атырау», «Прикаспийская коммуна» және жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасының өкілдері қатысты. Бас дәрігердің м.а. Л.Акбанова, бөлім меңгерушілері Б.Аустниязова, Э.Ергалиева тілшілерге еске алу күннің маңызы мен мақсаты, эпидемиологиялық ахуалы және АИТВ жұқпасы бар адамдарға көрсетілетін көмек жөнінде…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey