Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2016 жылдың 15 қыркүйегінде облыстық ЖИТС орталығында  жылдық жоспарға сәйкес пенитенциарлық мекемелер мен әскери бөлімшелердің медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді. Семинарды ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Л.Акбанова ашты. Семинар барысында  режимдік мекемелерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай, апаттық жағдайлар,

Міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру

2016 жылдың  14 қыркүйегінде  Атырау облыстық ЖИТС орталығында медицина қызметкерлері арасында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы семинар  өткізілді. Бас дәрігердің орынбасары Л.Акбанова, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А.Мұқанбетқалиева ұжымның медицина қызметкерлеріне медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілетіні, оның принциптері  мен тиімділігі туралы ақпараттар берді. Ұжым мүшелері  көптеген сұрақтарына жауаптар  алды.

«Медициналық сақтандыру жүйесінде ВИЧ-инфекциясының алдын алу және емдеу»

2016 жылдың 15 қыркүйегінде облыстық ЖИТС орталығының диспансер бөлімінің меңгерушісі Б.Аустниязова жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеканалының «Жаңалықтар» хабарында  медициналық сақтандыру жүйесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу және емдеу туралы,    негізгі пакетке әлеуметтік мақызды аурулар ретінде кірген  АИТВ- инфекциясын жұқтырғандарға тегін ем жүргізілетіні туралы сұхбат берді.

 «Қазақстан-Атырау » телеарнасында тікелей эфир

 2016 жылдың  25 тамызында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының  ұйымдастыруымен «Қазақстан-Атырау » телеарнасының  «Жаңалықтар» бағдарламасының  «Студия қонағы» бөлігінде  тікелей эфирде облыстық   ЖИТС орталығының ұйымдастыру бөлімінің  меңгерушісі

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey