Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Сәбилер үйі қызметкерлерімен кездесу

7 маусымда орталықтың дәрігер эпидемиологы Р.Муканова мамандандырылған сәбилер үйі мекемесінің қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарда АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, дискриминация мен стигма туралы айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

2024 жылдың  18 маусымында  Атырау  қаласында медицина қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өтті.  Жиында облыстық АИТВ –инфекциясының  алдын алу орталығынан Жұпар  Капенқызы Амирова  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  Сақтау Министрлігінің   Алғыс  Хатымен Темирова   Камила  Мусаевна “Үздік лаборант -2024” үздігі номинациясы және   сертификатпен Дурманова   Алтыншаш  Мурзабайқызы «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы  Алғыс  Хатымен марапатталды. Сіздерге зор…

“Үздік лаборант -2024” байқауы қорытындыланды

Байқау қорытындысы бойынша Атырау облыстық АИТВ –инфекциясының  алдын алу орталығының  лаборанты  Темирова Камила  Мусаевна  “Үздік лаборант -2024” номинациясымен марапатталды. Деніңізге саулық, отбасыңызға  амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз.

АИТВ туралы не білесіз?

Маусым айында 2024 жылы   алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиолог көмекшісі Ж Иманғалииева КММ «Дом Дружбы» орталығының қызметкерлерімен  дәріс өткізді. Дәріс барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, әсіресе жыныстық жолмен жұғудың алдын алу туралы дәріс өткізіп, облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден не үшін өту керектігін және қанды қайда тапсыруға болатындығы туралы ақпарат…

Аутрич қызметкерлерімен кездесу

5 маусым 2024 жылы АИТВ орталығының жылжымалы сенім бекетінің медбикесі Р.Тлепова аутрич қызметкерлерімен “Қатынасқа дейінгі алдын алу” тақырыбында қызметтік кездесуі өтті.                                                                                                                                                 Кездесу барысында халықтың негізгі топтар арасында қатынасқа дейінгі алдын алудың тиімділігі, кімдерге арналғандағы, сонымен қатар барлық ережелердің сақтау маңыздылығын,топтар арасында алдын-алу жұмыстарын келісімді кесте  бойынша жақсарту керектігін атап .

АИТВ дан алдын алу

2024 жылдың 3  маусымында  АИТВ-инфекциясының алдын алу бөлімінің маманы Ж. Имангалиева «Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  мен  «Эконорматив» орталығының қызметкерлеріне                                                           АИТВ-инфекциясының  берілу жолдары, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы  түсіндірді .Қатысушылар маманнан өздерін қызықтырытын сұрақтарға жауап алды.

Тікелей эфир «Онлайн емхана»

2024 жылдың  4 маусымында  Атырау облыстық  АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының   бөлім меңгерушілеріМұқамбеткалиева Айгүл  Мекесқызы мен  Серікбаева  Асем  Қанатқызы  «Онлайн емхана» тікелей эфир  бағдарламасында  «АИТВ-инфекциясы және оның алдын алу» тақырыбында сұхбат берді. Бағдарламада   АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ны емдеу, тестілеу, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері мен алдын алу  шаралары  туралы айтылды….

2024  жылдың   31 мамырында   АИТВ   орталығының мамандары «Салимжан и К» ЖШС- нің  медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті. Талқыланған сұрақтар: “ҚР және  Атырау  қаласында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы. Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша  және жүкті әйелдерді АИТВ –ға   тестілеу, дискриминация  мен   стигма ,  медициналық қызметкерлер арасында кәсіби сипаттағы авариялық жағдайлар кезіндегі медицина қызметкерінің тактикасы.  Оқыту семинарына …

Атырау балалар күніне арналған шара

Атырау облыстық  АИТВ орталығының кәсіподақ ұйымықызметкерлердің балаларына  «1 маусым   балаларды қорғау күніне» орай, мерекелік шара  ұйымдастырды. Шарада  орталықтың   директоры м.а.  Л.З.Акбанова   балаларға бақытты балалық шақ тілей отырып, «WOW-PARK»  компаниясының  сыйлық сертификатын табыстады.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey