Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Тәрбиешілер арасындағы дәріс

2023 жылдың 27-28 шілде  аралығында Атырау  АИТВ  орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС-ті білу маңызды!»  тақырыбында  қаладағы  №18 «Балдырған», №16 «Дюймовочка» балабақшадағы  тәрбиешілер   арасында дәрістер өткізді. Кездесудің басты мақсаты – АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру. Дәріс барысында  АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ…

Орталықтың 2023 жылдың 6 айдағы жұмыс қорытындысы талқыланды

Атырау облыстық  АИТВ  инфекциясының  алдын алу  орталығында   2023 жылдың   6 айының  қорытындысымен   облыстағы  АИТВ инфекциясының  алдын алу шараларын  талқылау бойынша  медициналық кеңес өтті. Кеңесті орталықтың  директоры  Қ.Нұрмұханов  ашып, орталықтың  медицина қызметкерлері қатысып,бөлімдердің есептері тыңдалып, алдағы жасалатын жұмыстардың ұсынысы талқыланды.

«АИТВ – дан алдын алу» тақырыбында Төтенше жағдайлар департаментінде жиын өткізілді

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  ұйымдастыруымен  облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Серікбаева Әсем Қанатқызы «АИТВ дан  алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында   жұқпадан  сақтану жолдары мен  алдын алу шаралары талқыланды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға  стигма және кемсітушілікке жол бермеу туралы   түсіндірді. Сонымен қатар АИТВға  тегін және анонимді тестілеуден қан тапсыру және кеңес…

Сақтық шараларын сақтайық

Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының   маманы  Ж.Иманғалиева  қаланың «Sandibek sirga», Zhasmin» сұлулық  салонындарында  дәріс өткізді.     Қызметкерлерге жұмыс барысында жұқтыруды болдырмаудағы  аса назар аударатын  талаптардың бірі – салонда маникюр, педикюр жүргізуде залалсыздандырудан  өткен құралдардың қолданылуы. Сонымен қатар  салондағы  қызметкерлердің  өздерінің  денсаулығын  сақтаудағы  шаралардың  бірі – АИТВ  мен  В,С вирусты  гепатиттеріне    тексерілістен  өту туралы   түсіндірді.

Ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек

Облыстық  АИТВ   инфекциясының  алдын алу  орталығының   эпидемиологтары  Рашида  Муканова  мен  Динара  Жарылғасова  Махамбет аудандық орталық аурухана  медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті. Сапар барысында жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін, реципиенттер мен тиісті контингенттің АИТВ-инфекциясына тексеру, төтенше жағдай туындаған кезде медицина қызметкерінің тактикасы туралы  мәселелерін  түсіндірді.

«АИТВ-ны қалай анықтауға болады? »

2023жылдың 17 шілдесінде    облыстық  АИТВ  орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева  ЖК  «Hostel 777» және  «Агаева» АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. Дәріс барысында салауатты өмір салтын ұстану, адамның сыртқы келбеті бойынша оның АИТВ бар екенін түсіну мүмкін емес екенін,   вирусты  жұқтырған адам сау және өзін жақсы сезінетінін,бірақ басқа адамдарға жұқтыру қаупі бар екенін айтты….

ЖШС қызметкерлерімен кездесу

2023 жылдың 19-21 маусым аралығында облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде: «Коллекторское агенство», «Тайм Инвест», «КА КСС» , «Тенгиз Техно Сервис» ЖШС қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында дәрістер өткізді. Шараның басты мақсаты – халықты АИТВ инфекциясы және оның таралу жолдары, сақтық шаралары туралы ақпараттандыру. Спикер тыңдаушыларға АИТВ-оң…

Колледж студенттерімен кездесу

Атырау облыстық АИТВ орталығының маманы М.Баймуханова Атырау көлік және коммуникациялық колледжінің студенттерімен «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді. Студенттерге АИТВ-инфекциясының берілу жолдары және оған қарсы алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз жыныстық мінез-құлық, АИТВ/ЖИТС-ке байланысты стигма және кемсітушілік болдырмау сұрақтары қаралды.

Дамбы ДА семинар өтті

Атырау облыстық АИТВ орталығының мамандары А.Т.Бисенов  және  А.З.Сабекеева  медицина қызметкерлерінің білімін жетілдіру мақсатында  Дамбы дәрігерлік амбулаториясының  медицина  қызметкерлеріне АИТВ жұқпасы  бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Мамандар  семинарда АИТВ ға тексеру, байланыстан кейінгі алдын алу, апаттық жағдайлар кезінде  алгоритмді  қолдану,  барлық қауіпсіздік іс-шараларын сақтау  туралы  түсіндірді. Шара барысында  кодтардың  қойылуы, 4 буынды  жедел тестілеу  әдісі бойынша  тәжірибелік …

“Интелмед” ЖШС медицина қызметкерлерімен кездесу

Атырау АИТВ орталығының дәрігері эпидемиолог А.З.Сабекеева “Интелмед” ЖШС медицина қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдардың АИТВ-инфекциясының бар-жоғына құпия медициналық тексеру жүргізу қағидалары,авариялық жағдайлар туындаған жағдайда медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері, АИТВ-мен өмір сүретіндерге стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey