Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Бизнес қызметкерлерімен кездесу.

Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог көмекшісі Ж.Иманғалиева АИТВ/ЖИТС туралы дәріс өткізді. Кездесу «Атырау-көлік», «ТУ и С» ЖШС қызметкерлер арасында өтті. Маман АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, эпидемиологиялық жағдай, профилақтикалық шаралар, сондай-ақ қызметкерлеріне  АИТВ жұқтырған адамдарға  дұрыс көзқараспен қарауды, олармен  бірге өмір сүру және жұмыс жасау керектігін  атап өтті.  

Жоғарғы сынып оқушыларының арасында өткізілген дәріс

25 сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы №11 мектеп жоғарғы сынып оқушылар арасында  «АИТВ/ЖИТС туралы не білесіздер?» тақырыбында дәріс өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігерінің  көмекшісі Ж.Иманғалиева  оқушыларға  АИТВ инфекциясының алдын алудың, ол үшін ұрпақ тәрбиесінің  әлеуметтік маңыздылығын көрнекі құралдармен  жеткізді. Қатысқан 50 оқушыға ақпараттық-ағарту материалдары  таратылып,  қойылған сұрақтарға жауап берілді.

ҚАЖ №15 мекемесіндегі АИТВ дан сақтану туралы семинар

Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова мен А.Сабекеева, орталықтың дәрігер –дерматовенерологы   В.Шарапиева  ҚАЖ   департаментіне қарасты №15 мекемесіндегі жеке құрам  мен  сотталғандар арасында  АИТВ дан алдын алу мақсатында   кездесу ұйымдастырды.     Кездесу  барысында  АИТВ   инфекциясының берілу жолдары мен  алдын алу шаралары, стигма мен  кемсітушілік  туралы   сұрақтар қозғалды. Сонымен  қатар  дәрігер дерматовенеролог В.Шарапиева  жанасуға  дейінгі  профилактика  АИТВ…

АИТВ инфекциясының берілу жолдары бойынша кездесу өткізілді

Сәуір айының   18-21 аралығында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының  алдын алу бөлімінің маманы М.Баймуханова  қаладағы   Ф.Оңғарсынова, Жамбыл,  М.Отаралиев, Амангелді   атындағы  орта      мектептердің  оқушылары арасында  АИТВ инфекциясының  алдын алу  мақсатында  кездесу өткізді.  Кездесу барысында  Атырау облысының  эпидемиологиялық  жағдайы, АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу  шараларын түсіндірді. Қатысушылар саны- 278. Шара соңында  маман барлық сұрақтарға  жауап берді.

№75 мекемесіндегі жеке құрам қызметкерлерімен кездесу

2023 жылдың 12 сәуірінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова мен А.Сабекеева, орталықтың дәрігер –дерматовенерологы В.Шарапиева ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесіндегі жеке құрам қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарда дәрігерлер АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына, берілу жолдары мен алдын алу шараларына, кәсіби міндеттерді орындау кезінде апаттық жағдайлармен сақтану шараларына кеңінен тоқталды. Дәрігер дерматолог В.Шарапиева ЖЖБИ мен қатынасқа дейінгі…

ҚАЖ №79 мекемесіндегі семинар

    2023 жылдың  11 сәуірінде Атырау ЖИТС орталығының   дәрігер эпидемиологтары  Р.Муканова мен  А.Сабекеева  ҚАЖ №79 мекемесінің  жеке құрамы мен  сотталғандар  арасында АИТВ –инфекциясының  алдын алу  бойынша  ақпараттық –білім беру  жұмысын жүргізді. Шара  барысында  мамандар АИТВ  инфекциясының  2021-2022 жылдармен  салыстырғандағы  облыстағы эпидемиологиялық  ахуал, берілу жолдары мен  клиникалық көріністері мен  сақтық шаралары туралы хабардар етті. Сонымен қатар …

Медициналық ұйым директорларының орынбасарларына арналған семинар

2023 жылдың  30  наурызында  Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы  27 наурыздағы №105 бұйрығын орындау мақсатында  облыстық  және  аудандық ауруханалардың және  жеке медициналық ұйымдардың     директорларының   орынбасарлары   арасында «АИТВ- инфекциясына тестілеуді  ұйымдастыру»тақырыбында облыстық  семинар өткізді. Бағдарламаға сәйкес  шараны орталықтың  директоры Қ.Нұрмұханов ашты. Семинарда орталықтың мамандары жүкті әйелдерді  және …

Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясындағы семинар

Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу және эпидемиология  бәлімінің  дәрігерлері  А.Серікбаева мен  А.Сабекеева қаладағы жедел жәрдем    станциясының  дәрігерлері  мен орта буын қызметкерлеріне   жоспарлы   әдістемелік көмек  көрсетті. Кездесу барысында облыстағы  эпидемиологиялық  жағдаймен, АИТВ  инфекциясына  тексерілетін нормативтік құжаттармен, төтенше  жағдай  туындаған кезде  медицина  қызметкерінің  тактикасы  мәселелерін  көтерді. Шара барысында   жедел тестпен тестілеу  әдісі бойынша  тәжірибелік  сабақ жүргізілді….

Аутричтармен кездесу

28 наурыз 2023 жылы Атырау облыстық ЖИТС орталығы алдын алу мамандары АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында  ИЕТ тобының аутрич қызметкері қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді. Шараның басты мақсаты: – жанасуға дейінгі профилактикаға ұсынылатын  топ өкілдерін саралау; – жедел тестпен тестілеудің сапасын жақсарту; – аутрич қызметкерлердің жұмысын бағалау; Шара соңында  аутрич қызметкерлерге жұмысты жақсартуға ұсыныстар берілді.  

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

➡ Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі * Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді ➡Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі. ✅ Егер сіз БЖТ-ны…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey