Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған кең көлемді акция
- admin_atsc
- 19.11.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
18 қараша 2021 жылы Атырау облыстық ЖИТС орталығы, Атырау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасымен, облыстық психикалық денсаулық орталығы «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» орай АИТВ инфекциясының берілу, алдын алу шаралары, есірткі құқық бұзушылық және нашақорлықтан алдын-алу тақырыптарында қаладағы орта мектептердің мұғалімдерімен кездесу өткізді. Шараға 24 мектеп мұғалімдері қатысып, әр мекеме уәкілінің…
Дүниежүзілік ЖИТС пен қарсы күрес күні аясында ШЖҚ КМК «Геолог емханасы» 15 қараша күні халық арасында ашық есік күнін ұйымдастырды. Шарада емханаға келген бірнеше келушілер экспресс тест арқылы анализдерін тапсырып, өз статустарын білді. Оларға АИТВ -ның алдын алу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
Атырау облыстық ЖИТС орталығында 15 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Орталыққа келіп, АИТВ –ға тексерістен өткен 79 адам психоәлеуметтік кеңес алды. Келушілерге АИТВ туралы сұрақтар қойылып, оқу ақпарат құралдары таратылды. Жауап берушілерге сыйлықтар табысталды.
Атырау қаласының Теміржол вокзалында 12 қарашада облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашаққа» атты акциясы өтті. Шараға Атырау облыстық Білім беру басқарамасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жастар саясаты, ЖИТС орталығының уәкілдері қатысты. ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.У.Баймуханова биыл елімізде 15-25 қараша аралығында «АИТВ: әрбірін түсіну» тақырыбында онкүндік өтетіндігі, АИТВ инфекциясының…
Құрметті Атырау облысы тұрғындары мен қонақтары! Биыл елімізде 15-25 қараша аралығында «АИТВ: әрбірін түсіну» тақырыбында онкүндік өтуде. Осыған орай, Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандарының қатысуымен 16 қараша күні сағат 15:00-де Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне фейсбук (Atyrau Spid) әлеуметтік желі арқылы тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды.
Атырау облыстық ЖИТС орталығында 15 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орайластырылған Ашық есік күні өткізіледі. АИТВ-статусты анықтаудың жалғыз жолы – қанды зерттеу. Өз денсаулығын тексергісі келген кез-келген тілек білдіруші ЖИТС орталығына келіп, дәрігер кеңесін алуына, АИТВ-ға (ВИЧ) тегін тексерілуіне, қажетті ақпараттар алуына болады. Сенім телефоны 21-11-03.
2021 жылдың 5 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Э.Ергалиева, Д.Жарылғасова Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы мен «Сәлімжан» ЖШС мекемелеріне әдістемелік көмек көрсетті. Шара барысында емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне эпидемиологиялық ахуал, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, жүкті әйелдерді АИТВ –жұқпасына тексеру туралы, медициналық манипуляциялар кезіндегі апаттық жағдайларда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша іс – әрекеттер, байланыстан кейінгі алдын алу…
ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылдың 3 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының кәсіподақ ұйымы орталықтың медицина қызметкерлерінің балаларына Атырау қаласының өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты:балалардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын дамыту.
2021 жылдың 29 қазанында жылдық жоспарға сәйкес Атырау облыстық ЖИТС орталығы мен облыстық психикалық денсаулық орталығы бірлескен жұмыс қеңесін өткізді. Жиында ҚР ДСМ № 211 “АИТВ – инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп – қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығы бойынша иньекциялық есірткі тұтынатындардың тексерілуі, кодтардың дұрыс қойылуы, алдын алу шаралары және 2022 жылға жұмыс жоспарының…