Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жастар арасында АИТВ алдын алу және нашақорлықты болдырмау бойынша дәріс

АИТВ орталығының маманы Баймуханова Мереке Утегенқызы және Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологі Каюпов Самғат Кенжеғалиев бірлесіп, “АИТВ алдын алу” және “Нашақорлықты болдырмау” тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс жалпы білім беретін Бесікті орта мектеп-интернатында 8, 9, 10 сынып оқушыларымен өтті, қатысушы саны – 56 оқушы. Сонымен қатар, Талғайран негізгі мектептің 8 және 9 сынып оқушылары да…

АИТВ инфекциясының алдын алу және қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

16 қаңтар күні орталықтың алдын алу бөлімі бойынша эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиева ЖШС “Рембыттехника” және ЖШС “X72020” қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жұпар Иманғалиева АИТВ инфекциясының алдын алу, оның таралу жолдары, сақтану әдістері және ерте анықтау маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Қызметкерлерге АИТВ туралы дұрыс мәлімет беру, оны қоғамдағы алаңдаушылық туғызып отырған мәселе ретінде…

2025-2027 жылдарға арналған ұжымдық шартты қызметкерлерге таныстырып, бекіту мақсатында жиналыс өтті

2025-2027 жылдарға арналған ұжымдық шартты қызметкерлерге таныстырып, бекіту мақсатында жиналыс өтті. Таныстыруды Сенім кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәрсенғалиев Дәркенбай Ерсайынұлы жүргізді. Жиналыс барысында ол ұжымдық шарттың кейбір тармақтарындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

АИТВ алдын алу бойынша дәріс оқытылды: Сән салондарындағы қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптар

Кей сән салондарында маникюр, педикюр, татуаж, пирсинг сияқты процедуралар кезінде зарарсыздандырылмаған құралдардың қолданылуы қан арқылы жұғатын жұқпалы ауруларды (мысалы, гепатит, АИТВ және басқа да инфекциялар) таратуы мүмкін. Бұл салондарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық құралдарды дұрыс өңдеп, зарарсыздандыру талап етіледі. Алдын алу шаралары Осы қауіптердің алдын алу үшін, бір реттік құралдарды пайдалану немесе құралдарды бірнеше…

АИТВ инфекциясының алдын-алу және СҚ тобы арасынан АИТВ инфекциясына шалдыққандарды анықтау мақсатында

АИТВ инфекциясының алдын-алу және СҚ тобы арасынан АИТВ инфекциясына шалдыққандарды анықтау мақсатында өткен жиында Алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Абылғазиева Аягөз жаңа келісімшарт туралы СҚ тобының аутрич қызметкерлеріне таныстырып, алдағы жұмыс барысын талқылады. Жиында аутрич қызметкерлеріне жүктелген міндеттер мен жұмыс жоспары нақтыланып, олардың тиімді қызмет көрсетуі үшін қажетті шаралар қарастырылды.

Оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы түсінік берілді

Орталықтың дәрігері Асем Серікбаева Ж.Досмухамедов атындағы мектеп-лицей интернатының оқушыларына АИТВ инфекциясы туралы түсінік берді. Кездесу барысында дәрігер оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және қоғамдағы дұрыс емес түсініктерді жою туралы ақпарат берді. Асем Серікбаева балалардың сауатты ақпарат алуын қамтамасыз етіп, АИТВ-ның денсаулыққа әсері мен оның таралуына жол бермеу үшін не істеу керектігін…

АИТВ-мен күрес – жұмысшылардың ортақ жауапкершілігі

Орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Иманғалиева Жұпар АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау және оның алдын алу шараларын түсіндіру мақсатында ЖШС «Өнерпаз» және ЖШС «HJ-Групп» компанияларының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және жұмыс орнындағы эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде АИТВ-ның жұмысшылар арасында…

Әріптестерді құттықтау

Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Айгүл Бақытжанқызы орталық қызметкерлері Сауле Есенгалиеваның 50 жас мерейтойымен және Эльмира Кубиеваның 46 жасқа толуымен шын жүректен құттықтады! Құттықтау сөздерінде Айгүл Бақытжанқызы олардың орталықтағы еңбекқорлығы мен кәсібилігін ерекше атап өтіп, денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктер тіледі. Сіздерге ұзақ ғұмыр мен табыс тілейміз!

AИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында кездесу өткізілді

13 қаңтар күні Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясында «АИТВ аурушандығын алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы ақпарат беру, сондай-ақ, денсаулық сақтау мен қоғамдық қауіпсіздік тұрғысынан АИТВ аурушандығын болдырмау үшін қажетті шараларды түсіндіру болды. Кездесуге АИТВ орталығының маманы Мереке Баймуханова қатысып, оқушыларға…

Әріптестерді құттықтау

  Атырау облыстық АИТВ -инфекциясының алдын алу орталығының директоры А.Б.Кудаманова орталықтың қызметкерлері Балкенже Кабирова мен Нурберген Кульмановты  ұжымның кәсіподақ ұйымы атынан құттықтап, туған күн иелеріне дендеріне саулық, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.      

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey