Атырау облыстық АИТВ  орталығы

19 қараша ашық есік күні!

Атырау облыстық ЖИТС орталығында 19 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Ашық есік күні өткізіледі. АИТВ-статусты анықтаудың жалғыз жолы – қанды зерттеу. Өз денсаулығын тексергісі келген әрбір тұрғын ЖИТС орталығына келіп, дәрігер кеңесін алуына, АИТВ-ға (ВИЧ) тегін тексерілуіне, қажетті ақпараттар алуына болады. Сенім телефоны 21-11-03. #ашықесіккүні #спид #аитв

ЖАҺАНДЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күресу күні атап өтіледі. Бүл күні әлем адамның иммун тапшылығы вирусымен (АИТВ) өмір сүретін немесе одан зардап шеккен адамдарға қолдау, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді. 2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмірге қалай әсер ететініне назар аударды. COVID-19 денсаулық мәселесінің…

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

2020 жылдың 8-9 қазанында Атырау ЖИТС орталығының алдын- алу және эпидемиологиялық бөлімдерінің мамандары Геолог және № 7 қалалық емханаларында, Дамбы, Еркінқала дәрігерлік амбулаторияларында пандемия кезеңінде медициналық ұйымдарда АИТВ жұқпасының алдын- алу және ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Карантиндік іс- шараларға сәйкес қағидалардың сақталуын ескере отырып, медицина қызметкерлеріне қолданыстағы нормативтік- құқықтық актілер бойынша семинар өткізді….

ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

2020 жылдың 13-14 қазан күндері «Атырау облысы ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының» ШЖҚ КМК педагогы А.Тұңғатарова жалпы білім беретін №37 және И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді. Шара барысында АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы, сонымен қатар COVID-19- дан сақтану жолдары туралы ақпарат берілді. Онлайн…

“Atyraў” телеарнасының «Атырау Таңы» ақпараттық-сазды бағдарламасының қонағы болды.

«Атырау облысы ЖИТС-ке красы күрес және алдын алу орталығының» педагогы Айша Тунгатарова  Халықаралық мұғалімдер мерекесіне  орай жергілікіт “Atyraў” телеарнасының «Атырау Таңы» ақпараттық-сазды бағдарламасының қонағы болды.  

Бизнес-құрылымдар арасында ақпараттандыру жұмысы

2020 жылдың қыркүйек айында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлім қызметкерлері ЖШС «ITC Астана», «ОйлТранс Групп», «Евро Азия Эйр», «Атырау Комплект Систем», «KazPetroTrans»,АО «Эмбамунайагро», ЖК «Рахмет», «Медигалиева» жұмысшыларына лекция өткізді. Орталық қызметкерлері облыстағы эпидемиологиялық ахуал, АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берді. Барлық қатысушыларға оқу-ақпараттық материалдар таратылды.  

Жұмыстағы техникалық-қауіпсіздік

Атырау облыстық ЖИТС орталығының техникалық қауіпсіздік маманы ұжымдағы қызметкерлерге жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздікті сақтау шаралары жөнінде семинар өткізді. Практика жүзінде төтенше жағдайларда қандай іс-шаралар алгоритмін ұстану қажеттілігі айтылды. Семинар барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Онлайн тренинг

2020 жылдың 4 және 6 тамызында Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының 2018-2020 жылдарда «АИТВ» компоненті бойынша KAZ-H-RAC/1578 ЖИТС, туберкулезбен және малярияға қарсы күрес Ғаламдық қорының грантын жүзеге асыру мақсатында, екі күндік онлайн байланысымен ZOOM режимінде адвокации , өрлеу, АИТВ мен ЖЖБИ алдын алу, АИТВ мен өмір сүретін адамдарды күту және қолдауда әлеуметтік мемлекеттік…

Онлайн форматтағы тренинг

2020 жылдың 7және 11тамызында Атырау облыстық обаға қарсы күрес станциясы облыс көлеміндегі барлық емдеу алдын-алу мекемелеріне инфекциялық аурулардың(оба,тырысқақ,короновирус) алдын-алу мақсатында обаға қарсы киім киіну және шешу тәртібі бойынша онлайн форматта оқу жаттығу сабағын өткізді. Шара барысына ЖИТС орталығының дәрігерлерімен медбикелері қатысты.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey