Атырау облыстық АИТВ  орталығы

«Қазақстан Атырау» телеарнасына сұхбат

Төртінші ақпан күні алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов және дәрігер-эпидемиолог Г.Султанова «Қазақстан Атырау» телеарна тілшілеріне сұхбат берді. Сұхбат барасында Атырау облысындағы АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары баяндалды. ЖИТС орталығының мамандары тұрғындарды АИТВ жұқпасына қан тапсырып, өз мәртебелерін білуге шақырды

Коронавирус жөнінде ақпараттандыру

2020 жылдың төртінші ақпан күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында коронавирус жұқпасы тақырыбында орталық ұжымының жиналысы өтті. Орталықтың дәрігер-эпидемиологы А.Абылгазиева коронавирус жұқпасының этиологиясы, клиникалық белгілері және қазіргі таңда бүкіәлемде жүргізіліп жатырған алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берді. Жиналысқа ұжымның барлық қызметкерлері қатысты. Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.

Атырау қаласы мектептерінің сынып жетекшілеріне өткізілген семинар

2020жылдың 31 қаңтар күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында қала мектептерінің сынып жетекшілеріне семинар өткізілді. ЖИТС орталығының мамандары облыстағы эпидемиологиялық ахуал, АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен клиникалық белгілері жөнінде толық ақпарат берді. Семинарда оқушылар арасында өткізілетін алдын алу шараларының өзекті мәселелері қозғалды. Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова АИТВ инфекциясының қазіргі таңда «ХХ ғасыр…

Атырау қаласы мектептерінде оқушылар арасында жүргізілген алдын алу шаралары

2020 жылдың 20-24-ші қаңтар аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатаровамен №3 мектеп-гимназиясы, №4 мектеп-интернаты, №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, №11  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі, №39 орта мектеп және Н.Тлендиев атындағы кіші өнер академиясында  8-11 сынып оқушылары арасында бірқатар шаралар өткізілді. Шаралар  барысында қатысушыларға АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, алдын алу, Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ…

Бизнес-құрылымдар арасында ақпараттандыру жұмысы

13-24 қаңтар аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлім қызметкерлері ЖШС «Адал сауда сервис», ЖШС «Ак Берен», ЖШС «Глобал Пайп Компонентс», ЖШС «Логика Мунай», ЖШС «Caspian bottlers», ЖШС «Инжиниринговый центр SHEBER», ЖШС «Шынгыс-Сервис Трейд», ЖШС «Schoolbus», ЖШС «ААА-Плюс Атырау», ЖШС «Global Automation Service», ЖШС«Сәтті Сауда Атырау», ЖШС    «Антикор-С», ЖШС «Альтаир-Атырау» жұмысшыларына лекция өткізді. Орталық қызметкерлері…

АИТВ -дегеніміз не?

АИТВ-бұл адамның иммундық тапшылық вирусы.  АИТВ инфекциясы- бұл иммундық жүйенің зақымдануымен жүретін созылмалы ауру. Адамның сыртқы келбетіне ,сыртқы бет бейнесіне қарап АИТВ статусы анықталмайды. Статусты анықтау үшін тексерілістен өтіп, венадан қан тапсыру қажет. Атырау облысты ЖИТС орталығында АИТВ статусыңызды ақылы және ақысыз түрде анықтауға болады. Ақысыз –егерде сіз жеке дәрігеріңіздің жолдамасымен келсеңіз және 18 ге…

Бизнес – құрылымдарда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген лекциялар

Кампания кезінде облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің   мамандары «Қоғамдастықтардың  шешуші рөлі» атты  ұранымен бизнес- құрылымдарында (ЖШС«АтырауГазИнвест», «ДамуСтройСити», «НВК-Сервис», «Caspian Bottlers», «ZetDlobalSupport» және т.б. )АИТВ/ЖИТС –тың жұғу жолдары, стигма, дискриминация туралы  мағлұмат берді. Стигма,  дискриминация және АИТВ–мен өмір сүрушілер туралы сұрақтар тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып,  кездесу өзара пікірталасқа ұласты. АИТВ жөнінде бейне фильм  ұйымдастырылып, бетшелер мен  буклеттер таратылды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey