Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырауда студенттермен кездесу

2019 жылдың 17 мамырда Халықаралық ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күні аясында Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледж студенттері Облыстық ЖИТС орталығының маманымен кездесу өтті. Шара барысында студенттердің дайындаған сахналық көрінісі, флешмоб «АИТВ инфекциясы туралы» презентациясы көрсетілді. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы А.Тунгатарова АИТВ берілу жолдары мен алдын алу шаралары, стигма мен кемсітушілік туралы баяндады. Қамтылғаны…

Бизнес құрылымдарында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне дәрістер

ЖШС «Нурсана сервис», «Экстремум Глобал», «Семор», «Новус SEALING Caspian», «Тобеарал Ойл», «Береке сауда» «INTANT Atyrau», «ANESCOM» мамырдың  үшінші жексенбісінде Дүние жүзінде  аталып өтетін ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске  алу күніне орай  дәрістер өтті. Облыстық ЖИТС орталығының  мамандары  атаулы күннің маңызы мен мақсатын  түсіндірді. « Өмір сүру үшін , есте сақтаймыз!» тақырыбындағы   кампания кезінде  өткізіліп жатырған шаралар  халық…

Облыстық ЖИТС орталығында медициналық кеңес

2019 жылдың 22 мамырында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Өтешов М.А. төрағалығымен медициналық кеңес өткізіліп, ЖИТС-қа қарсы күрес және алдын-алу жөніндегі орталықтың 4 ай қорытынды есебі талқыланды. ЖИТС орталығының басшысы Н.А Айтмухамбетов 2019 жылдың 4 айдың қорытындысын баяндады. Атырау қаласы бойынша емдеу – сауықтыру мекемелерінің ЖИТС-ке жауапты…

Атырау қ. аутрич-қызметкерлеріне арналған семинар

2019 жылдың  20 мамырында  Атырау облыстық ЖИТС орталығының сенім бекетінің мамандарының қатысуымен аутрич қызметкерлердің арасында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін еске аламыз!» тақырыбында семинар өткізілді.Мамандар атаулы күннің шығу тарихын, оның маңызын ,АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, қорғану ережелерін және алдын алу жолдарын айтып өтті.  Семинар  соңында қатысушыларға оқу-ақпараттық материалдары таратылды.

Сауалнама

   Survey Monkey платформасын пайдалану арқылы, АИТВ инфекциясын алдын алу бағытталып, халықтың білім деңгейін жоғарлатуға арналған сауалнама. Сауалнамадан өту үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://ru.surveymonkey.com/r/VL8RHCL

Пресс- релиз

     Жыл сайын, мамырдың үшінші жексенбісінде бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алуға арналған іс-шаралар өткізіледі. Қазақстанда Халықаралық еске алу күнін өткізу – бұл АИТВ- инфекциясының одан әрі таралуын тоқтату мен инфекцияға қарсы тұруға дайын болудың тағы бір мүмкіндігі, ешкімнің аурудан сақтандырылмағанын және әлдеқашан АИТВ-инфекциясының «осал топтар» ауруы еместігін еске түсіру. Бүгінде адамның…

Эпидемиолог дәрігерлерге арналған семинар

26 сәуір күні Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Атырау облысының эпидемиолог дәрігерлерге  арналған жоспарлы семинар өтті. Семинарға қалалық емханалардың, аудандық ауруханалардың , сонымен қатар, дәрігерлік амбулаториялардың дәрігер эпидемиологтары қатысты. ЖИТС орталығының мамандары клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындарды тексеру, медициналық ұйымдарда апаттық жағдай кезіндегі АИТВ- инфекциясының қатынастан кейінгі профилактиканы жүргізу жолдарын түсіндірді. Семинар кезінде…

“SENIM” жастар кеңесі ұйымдастырған акция

14 cәуір күні Атырау облыстық “SENIM” жастар кеңесі “Байзар” сауда орталығында темекіге қарсы акция өткізді. Шара барысында тұрғындардың темекі зияндылығына назары аудартылып, оқу ақпараттық материалдар таратылды. Жастар кеңесінің мүшелері тұрғындармен спорттық ойын ойнап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Атырау облыстық “SENIM” жастар кеңесі атаулы шара эстафетасын Атырау облыстық медициналық ұйымдарына және Ақтөбе облыстық “SENIM” жастар кеңесіне жолдайды.

Оқушыларға ұйымдастырылған ашық есік күні

19.04.2019 Атырау облыстық ЖИТС орталығында кәсіптік ориентация жұмысын қалыптастыру  мақсатында мектеп оқушылары арасында ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушыларға ЖИТС орталығының жұмысы түсіндіріліп,лабораториядағы қанды тексеру  әдістері көрсетілді. Шағын экскурсиядан кейін, ЖИТС орталығының мәжіліс залында оқушылар мен орталықтың дәрігерлері ойларымен алмасты. Оқушылар болашаққа бағытын айқындап, ынталарын күшейтіп алды.

Полиция басқармасында өткізілген дәріс

12 сәуір күні алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Ережепов Б.Е. және дәрігер-эпидемиолог Муканова Р.Т. полиция басқармасында дәріс өткізді. Дәрігерлер облыстағы эпидемиологиялық жағдайды баяндап, АИТВ жұқпасының берілу жолдары және алдын алу жолдары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, АИТВ жұқпасымен адамдар толыққанды өмір сүріп, жанұя құрып, сау нәресте дүниеге әкеле алатындығы жөнінде сөз қозғалды. Барлық қатысқандарға оқу-ақпараттық материалдар таратылды.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey