Дәрігер – балалардың жанашыры
1 маусым – балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық АИТВ орталығында «Балаларымыз – болашағымыз!» тақырыбында шара өткізілді. Балалар арасында сурет салудан жарыс ұйымдастырылды: асфальтқа бормен, тақтаға майлы бояумен, қағазға қарындашпен алуан түрлі суреттер салынды, ермексазбен мүсіндер жасалды. «Көңілді балақайлар» спорттық сайыстары балаларға ерекше ұнады. Шара соңында балаларға сыйлықтар, тәттілер мен балмұздақ таратылды.