Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Зерттеу жүргізуге пациенттің келісімін алу талаптары

  1. Пациентті ақпараттандыру

Дәрігер пациентке биологиялық материал алу және кейіннен зертханалық зерттеу жүргізу мақсатында орындалатын инвазивті араласудың мақсаты, сипаты және көлемі туралы ақпарат беруге міндетті.

  1. Биологиялық материал алу кезінде пациенттің жазбаша ерікті келісімі

Пациент немесе оның заңды өкілі медициналық араласуды жүргізуге өзінің жазбаша ерікті келісімін береді және жеке деректерін көрсетеді.

Мен, (керегін белгілеу): пациент / заңды өкіл

(пациенттің немесе заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

____________________________________________________________________ медициналық ұйымында
(медициналық ұйымның атауы)

маған / мен заңды өкілі болып табылатын тұлғаға (керегін белгілеу):

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

келесі процедураны жүргізуге келісім беремін:

(процедураның атауы)

  1. Пациенттің ақпараттандырылғанын растауы

Мен жоспарланған инвазивті араласудың мақсаты, сипаты, ықтимал қолайсыз әсерлері мен асқынулары туралы ақпарат алғанымды растаймын.

Мен барлық қажетті дайындық шараларына, соның ішінде ықтимал анестезиологиялық шараларға, сондай-ақ медициналық көрсеткіштер бойынша қажет болуы мүмкін қосымша араласуларға келісемін.

Маған инвазивті араласу барысында күтпеген жағдайлар, қауіптер мен асқынулар туындауы мүмкін екендігі түсіндірілді. Бұл жүрек-қантамыр, жүйке, тыныс алу және ағзаның басқа да жүйелері қызметінің бұзылуын, сондай-ақ денсаулыққа байқаусызда зиян келтіру мүмкіндігін қамтуы мүмкін.

Асқынулар туындаған жағдайда, оларды жоюға бағытталған барлық қажетті емдеу әдістерін медициналық қызметкерлердің қолдануына келісемін.

  1. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат

Мен дәрігерге өзімнің немесе заңды өкілі болып табылатын тұлғаның денсаулығына қатысты барлық маңызды мәліметтерді хабарладым, оның ішінде:

  • тұқым қуалайтын аурулар туралы;
  • аллергиялық реакциялар туралы;
  • дәрілік заттар мен тағам өнімдеріне жеке төзбеушілік туралы;
  • темекі өнімдерін пайдалану туралы;
  • алкогольді шамадан тыс қолдану туралы;
  • есірткі заттарын қолдану туралы;
  • қабылдап жүрген дәрілік препараттар туралы.
  1. Ақпарат алу мүмкіндігі

Маған дәрігерге алдағы медициналық араласуға қатысты кез келген сұрақтарды қоюға және оларға толық жауап алуға мүмкіндік берілді.

  1. Келісімді растау

Мен осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым және олармен келісемін.

Өтініш берушінің қолы: ____________________
(пациент / заңды өкіл)

Толтырылған күні: ______ / __________________ / 20___ ж.

  1. Нормативтік негіз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы №175 бұйрығына сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамаларының нысандарын бекіту және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулық туралы» №97/у нысанды «Зертханалық зерттеулерге жолдама» құжатында пациенттің инвазивті араласуға жазбаша ерікті келісімінің болуы қарастырылған.

Ескертпе:

  1. Инвазивті араласу — ағзаның табиғи сыртқы бөгеттері (тері, шырышты қабаттар) арқылы енуге байланысты медициналық процедура (инъекция, диагностикалық процедура, хирургиялық операция және басқа да медициналық араласулар).
  2. Инвазивті араласуды жүргізуге берілген келісімді пациент кері қайтарып ала алады. Алайда медициналық қызметкерлер өмірлік көрсеткіштер бойынша инвазивті араласуды бастап қойған және оны тоқтату немесе бастапқы жағдайға қайтару пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда келісімді қайтарып алу мүмкін емес.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey