История появления
АИТВ-жұққаны қалай білінеді?
Көптеген адамдар өздерін дені сау адамдай сезінеді, жұқпа жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан сон, тұмауға ұқсас белгілер пайда болады. Жұқпа жұқтырса да ұзақ жылдар бойы өзін сау сезінуі мүмкін. Бұл кезең – аурудың жасырын сатысы деп аталады. Организмде ештеңе болып жаткан жоқ деп ойлау дұрыс емес. АИТВ организмге кіргенде иммун жүйесі иммундық жауап дайындайды. Оны зиясыздандырып, жоюға тырысады. Өкінішке орай АИТВ-мен күресуге ол жеткіліксіз, иммун жүйесі АИТВ-ны жоя алмайды, керісінше АИТВ иммун жүйесін біртендеп құртады.