Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс

2024 жылдың 17 қазанында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймұханова №21 орта мектеп оқушыларына «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты АИТВ-ның алдын алу мәселелері туралы білім деңгейін арттыру. Шара барысында орталықтан ақысыз түрде қан тапсыруға болатындығы айтылып, стигма, дискриминация бойынша ақпараттар берілді. Қатысқандар саны-121 оқушы.    

Мектеп оқушыларымен кездесу

  2024 жылдың 18 қазанында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймұханова бірлескен жұмыс аясында №1 емханасының акушер- гинекологиясының бөлім басшысы Айкияш Шунаевамен №28 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларына «АИТВ инфекциясы мен ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістің мақсаты оқушылардың АИТВ-ның алдын алу мәселелері туралы білімдерін  арттыру және денсаулықты , оның ішінде қауіпсіз және…

Әдістемелік көмек

Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Серікбаева А.Қ Атырау облыстық офтальмология ауруханасы мамандарына АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында әдістемелік көмек көрсетті. Семинардың мақсаты: ЕАҰ медицина қызметкерлеріне қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, жұмыс жоспарының жасақталуы және оның орындалуы, апаттық жағдайда жасалатын іс әрекеттер, реципиенттердің, АИТВ – жұқпасына тексерілуі туралы, клиникалық және…

Семинар

Ауруы асқынған науқастарды АИТВ-ға тексеру қажет. Себебі, ағзада оппортунистік инфекциялар болса, арнайы препараттар қабылдау керек болады. Уақытылы ем жүргізілмесе, соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Атырау облыстық АИТВ -инфекциясының алдын алу орталығында емхана басшылары қатысқан жиында айтылды. Берілген емге жазылмай қайта-қайта ауырса, созылмалы қабынулар болған жағдайда міндетті түрде АИТВ-инфекциясына тексерілу керек, ол тегін және…

Құттықтау

Атырау облыстық АИТВ орталығының дәрігер эпидемиологы Мұқанова Рашида Тұрымқызын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы тарапынан «Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» алған марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. АИТВ орталығының ұжымы және «Сенім» кәсіподақ ұйымы атынан деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз.

Терроризмге қарсы тренинг өткізілді

Атырау  облыстық  АИТВ -инфекциясының алдын алу  орталығының  заңгері  М.Т.Баянова  орталықтың  мамандарына  «Нысанды  терроризмге  қарсы қорғау» тақырыбында тренинг өткізді. Барлық материалдар  слайдтармен түсіндіріліп, маман қатысушылардың қойылған сұрақтарына  жауап берді.  Қатысқандар саны- 20.

Әріптестерді құттықтау

Атырау  облыстық  АИТВ -инфекциясының алдын алу  орталығының   директоры  А.Б.Кудаманова  орталықтың медбикелері  А.Г.Жандалиева  мен З.Г.Зулхарнаеваны  ұжымның  кәсіподақ ұйымы атынан құттықтап, туған күн иелеріне  дендеріне саулық, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.                       

Атырау облысының тар бейінді мамандарымен бірлескен семинар

  • admin_atsc
  • 09.10.2024
  • Видео
  • Пікір жоқ

Халықтың түйінді топтары, әсіресе гомосексуалды жыныстық қатынас арқылы АИТВ-инфекциясының жұғуының алдын алу үшін қатынасқа дейінгі профилактика (ҚДП) емін жүргізу маңызды. Себебі, қорғану шараларын қолға алмағандар көп жағдайда вирус жұқтыруға бейім келеді.  Осыны түсіндіру мақсатында Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында арнайы жиын өтті. Семинарға қаладағы, аудандардағы ауруханалар мен емханалардың уролог, проктолог, андролог, венеролог дәрігерлері шақырылды….

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2024 жылдың 2 қазаны күні «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының комплаенс-офицері, орталықтың медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында құқықтық түсіндірме жұмысын өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының қорытындысы таныстырылып, талдау барысында орын алған жағдайлар, сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексінің, ҚР Әлеуметтік кодексінің, ҚР…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey