Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Отбасы күні

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасындағы шаңырақтың керегесі кең, мықты болуын, ойлаған ата-аналарымыз аман болсын! Әрбір отбасында қайғы-қасірет, дерт болмасын! Ананың жүрегінен жылулық әрбір баланың жүзінен күлкі кетпесін! Ел Президентi мемлекет – отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi…

Хабарландыру

«Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК-ның Жұмыс тобымен орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігі хабарланады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен қамтитын кезең – 03.01.2024-02.09.2024 жыл. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 02.09.2024-20.09.2024 жыл.            

Құттықтау.

Атырау облыстық АИТВ-ның алдын-алу орталығы директоры Кудаманова А.Б. барша орталық мамандарын 30-тамыз Конституция күнімен құттықтады. Сонымен қатар, 2024 жылы 1 сынып табалдырығын аттағалы жатырған балалары бар орталық мамандарына АИТВ орталығы және «Сенім» кәсіподақ ұйымы атынан білім күніне орай, сыйлықтар табысталды.

АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс.

АИТВ орталығының маманы Мереке Баймуханова 12-16 тамыз аралығында: «CuystaI Smile» «Coffee river»ЖШС,«Қуанышбаева », « Матжанова», «Еламанов» ЖК қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында дәріс оқыды. Іс-шараның мақсаты – халықты АИТВ инфекциясы туралы түсінік және оның таралу жолдары, сақтық шаралары туралы ақпараттандыру. Спикер тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы бойынша толық мағлұмат беріп, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдай мен заманауи профилактикалық шараларды…

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің дәрістер өтті.

2024 жылдың 19- 21 тамызы аралығында АИТВ алдын алу орталығының маманы М.Баймұханова  қала және аудан мұғалімдеріне дәріс оқыды.Дәрістер «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өтті. Шара барысында тыңдаушыларға АИТВ-инфекциясы, таралу жолдары, алдын алу шаралары, облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтау, қауіпсіз…

Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында семинар өткізілді

21 тамыз 2024 жылы Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері және инъекциялық есірткі тұтынушылар тобының аутрич қызметкерлерімен бірлескен семинар өткізді. Семинар барысында АИТВ алдын алу мақсатында ИЕТ тобына жататындарды тексерілуге шақыруға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара соңында дәрігерлер қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақпараттық құралдар таратылды.  

Жастар арасындағы акция

Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «Болашаққа мықты денсаулықпен» атты АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған, қала жастарының арасында кең ауқымды акция өтті. АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігері Асем Қанатқызы шара барысында АИТВ инфекциясы жөнінде маңызды ақпараттар айтып кетті. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге бағалы сыйлықтар берілді.

АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша тренинг

2024 жылдың 8 тамызында АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігері Г.Умарова жедел тестті пайдалана отырып, АИТВ-ға тестілеу мәселелері бойынша оқыту тренингін өткізді. Сондай-ақ, экспресс-тестті қолдана отырып, АИТВ-ға тестілеу кезінде бақылауды сапалы орындау және есепке алу құжаттамасының жүргізілуі талқыланды. Қатысты: 20 адам.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жұмыстары ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ КМК-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларға Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан 22.07.2024 жылы келіп түскен ақпараттық хат таныстырылды. Одан бөлек, емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерінің орын алуын болдырмау және олардың алдын алу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Бизнес қызметкерлерімен кездесу

Атырау облыстық АИТВ орталығының эпидемиолог көмекшісі Ж.Иманғалиева «Евразия»АҚ, «MENUS» ЖШС қызметкерлер арасында АИТВ/ЖИТС туралы дәріс өткізді. Маманэпидемиологиялық жағдайға тоқтала кетіп,АИТВ-инфекциясының берілу жолдары,АИТВ жұқтырған адамдарға  дұрыс көзқараспен қарауды, олармен  бірге өмір сүру және жұмыс жасау керектігін  атап өтті.

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey