Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Жеке кәсіпкерлермен кездесу

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы   Ж.Иманғалиева «АИТВ-инфекцияны алдын алу» тақырыбына байланысты ЖШС«ЛАРА-Сервис» және ЖК «САНА-Сервис»жастарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясының жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті.

«АИТВ жұқпасы кез келген адамға қатысты»

2024жылдың 11шілдесінде  Атырау  облыстық  АИТВ  орталығының алдын-алу бөлімінің маманы Ж.Иманғалиева«Атыраугазинвест», «Khazar Service Company»ЖШС бизнес құрылымдарына АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында салауатты өмір салтын ұстану,адамның сыртқы келбеті бойынша оның АИТВ бар екенін түсіну мүмкін емес екенін, АИТВ инфекцияның адам ағзасында бар-жоғын білудің жалғыз жолы-АИТВ-ға тест тапсыру екенін атап өтті.

Құттықтаймыз!

Ләззат Еділханқызы!Сізді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз.Сіздің тынымсыз кәсібіңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқаныңыз үшін зор алғысымды білдіреміз. Кәсіби мерекеде игі бастамаларыңызға зор шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасыңызға  бақ-береке тілейміз! Құрметпен, Атырау  облыстық  АИТВ-инфекциясының  алдын алу орталығының  ұжымы

Әдістемелік көмек көрсетілді

2024 жылдың 27 маусымында облыстық АИТВ   орталығының   бөлім меңгерушілері  Т.Шаменов  және  А.Серікбаева «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында облыстық аурухананың медицина қызметкерлеріне  семинар сабағын өткізді. Семинардың мақсатыАИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясы бойынша білім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясынын  ерте анықтау. АИТВ-инфекциясы кезіндегі сақтық шаралары,  апаттық жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі, стигма және дискриминация туралы  сұрақтарға тоқталды.

Құрманғазы ауданындағы ҮЕҰ кездесу

2024  жылдың 15  маусымында   Атырау   облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының  алдын алу  бөлімінің  меңгерушісі  А.СерікбаеваҚұрманғазы  ауданындағы ҮЕҰ «Құрманғазы туған жер» мен бірлесіп   “Халықтың негізгі топтары   арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша»   кездесу  өткізді.  Кездесуде облыстағы эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде жастар арасындағы  таралу көрсеткіштері, облыстағы  ұйымдастырылған және жоспарланған шаралар, жедел тестке қойылатын талаптар  туралы  баяндады.

Сәбилер үйі қызметкерлерімен кездесу

7 маусымда орталықтың дәрігер эпидемиологы Р.Муканова мамандандырылған сәбилер үйі мекемесінің қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинарда АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, дискриминация мен стигма туралы айтылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

2024 жылдың  18 маусымында  Атырау  қаласында медицина қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өтті.  Жиында облыстық АИТВ –инфекциясының  алдын алу орталығынан Жұпар  Капенқызы Амирова  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  Сақтау Министрлігінің   Алғыс  Хатымен Темирова   Камила  Мусаевна “Үздік лаборант -2024” үздігі номинациясы және   сертификатпен Дурманова   Алтыншаш  Мурзабайқызы «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы  Алғыс  Хатымен марапатталды. Сіздерге зор…

“Үздік лаборант -2024” байқауы қорытындыланды

Байқау қорытындысы бойынша Атырау облыстық АИТВ –инфекциясының  алдын алу орталығының  лаборанты  Темирова Камила  Мусаевна  “Үздік лаборант -2024” номинациясымен марапатталды. Деніңізге саулық, отбасыңызға  амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз.

АИТВ туралы не білесіз?

Маусым айында 2024 жылы   алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиолог көмекшісі Ж Иманғалииева КММ «Дом Дружбы» орталығының қызметкерлерімен  дәріс өткізді. Дәріс барысында маман АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, әсіресе жыныстық жолмен жұғудың алдын алу туралы дәріс өткізіп, облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. АИТВ-инфекциясына тестілеуден не үшін өту керектігін және қанды қайда тапсыруға болатындығы туралы ақпарат…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey