Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ тақырыбында дәріс

Орталығымыздың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиева ММ “Сәулет және қала құрылысы бөлімі”, ЖК “Artbaget”, ЖШС “Спецавтобаза”, ЖШС “Альфа-КТ” мекемелерінің қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында Жұпар Иманғалиева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және инфекциядан сақтану үшін қажетті жеке гигиена мен қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ тестілеудің…

Мерекелік құттықтау

Мереке күні орталығымызда ер-азаматтардың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізіліп, «Senim» кәсіподағы атынан құттықтау жолданды. Сонымен қатар, ұйымдастыру алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айгүл Мекесовна және бағдарламашы маманының туған күндерімен құттықтап, ізгі тілектер жолданды. Мереке құтты болсын!

Техникалық қауіпсіздік

Орталығымызда Баянова Майра заңгер техникалық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында ол техникалық қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін түсіндіріп, жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне назар аударды. Майра заңгер, әсіресе еңбек қауіпсіздігі және еңбек шарттарын реттейтін заңнамаларға қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, ол жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы құқықтық қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Дәріс…

АИТВ алдын алу: бизнес иелері мен қызметкерлерімен кездесу

АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі Жупар Имангалиева «Евразия» Ск және «Смарт Дала» ТОО қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында дәріс өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – жұмысшыларды АИТВ/ЖИТС ауруларының алдын алу, олар туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету және қауіпті жағдайларды болдырмау.

Жоғары сынып оқушыларына арналған дәріс

Абай атындағы №15 орта мектепте АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі Жупар Имангалиева АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында Жупар Имангалиева 9-11 сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының таралу жолдары, аурудың алдын алу шаралары, белгілері және онымен күресу жолдары туралы толық ақпарат берді. Дәріс соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Оқушылар АИТВ инфекциясының…

Білім ордаларында дәріс өткізілді

М.Баймұханова АИТВ орталығының маманы ретінде Атырау қаласындағы №8 У.Атамбаева орта мектебі мен №43 жалпы білім беретін мектептеріне барып, оқушыларға АИТВ туралы дәріс оқып, ақпараттық материалдар таратты. Мұндай шаралар жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы білімін арттырып, алдын алу жұмыстарының маңыздылығын түсіндіруге бағытталған.

Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырылды

Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырылып, онда АИТВ, сифилис және вирустық гепатиттердің анадан балаға берілуін алдын алу, сондай-ақ бұл ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістері талқыланды. «Біз медициналық қызметкерлерге АИТВ инфекциясының алдын алу және стигма мен дискриминация жөнінде білімдерін арттыру үшін семинарлар өткіземіз. Бұл, өз кезегінде, медициналық көмек көрсету сапасына тікелей әсер етеді»,…

Атырау облыстық қан орталығында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті

Атырау облыстық қан орталығында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті. Семинарда АИТВ инфекциясының диагностикасы, профилактикасы және емдеуі мәселелері талқыланды. Іс-шараның мақсаты – медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту. Семинарға 40-қа жуық маман қатысты. Іс-шараның негізгі нәтижесі – қатысушылардың донорлардан АИТВ инфекциясын дұрыс диагностикалау мен тестілеудің маңыздылығы туралы ақпараттануының артуы болды. Сондай-ақ, міндетті…

АИТВ: Кәсіп иелері мен қызметкерлеріне дәріс

АИТВ орталығының маманы М.Баймұханова кәсіп иелері мен қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында дәріс өткізді. Дәрістен өткен мекеме тізімдері: ✅ ТОО “AOS engineering” ✅ ТОО “Маster Unit” ✅ ТОО”Бизнес бугалтерия” ✅ ИП “Чеботорева”

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey