Атырау облыстық АИТВ  орталығы

№7 қалалық емхананың медицина қызметкерлерін оқыту

2023 жылдың 18  қазанында   Атырау облыстық АИТВ орталығының   эпидемиология  бөлімінің меңгерушісі  Т.Шаменов және   алдын алу  бөлімінің  эпидемиологы  Р.Муканова емхананың  медицина қызметкерлеріне  жоспарлы консультативтік-әдістемелік көмек көрсетті. Мамандар    АИТВ-ға тестілеудің клиникалық көрсеткіштеріне,  жүкті әйелдер мен олардың   серіктестерінің тексерілуін қадағалау, қан құйылған  науқастардың  мерзімінде  тексерілістен өткізілуі, жұмыс орнындағы авариялық жағдайларды тіркеу кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстырды. Сонымен  емхананың  қатар…

Құттықтаймыз!

10 қазан-Қазақстан  Республикасы  кәсіподақтар күніне  орай, Облыстық  АИТВ – инфекциясының  алдын алу орталығының   есепшісі  Сарсенғалиев  Дәркенбай  Ерсайынұлы  облыстың  әлеуметтік- экономикалық  дамуына  қосқан үлесі  үшін  Атырау облысының  әкімінің  алғыс хатымен  марапатталды. Сізге Ұзақ ғұмыр, отбасыңызға  береке-бірлік, еңбекте табысты болып, абырой биігінен көрінуіңізге  тілектеспіз.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының емдеу алдын алу кеңесі

5 қазан күні облыстық АИТВ орталығының мәжіліс залында  Денсаулық сақтау басқармасының емдеу алдын алу кеңесі өткізілді. Кеңесті облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Абилова ашып, төрағалық етті. Күн тәртібінде Құрманғазы аудандық орталық ауруханасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының жағдайы талқыланды. Шараға АИТВ орталығының директоры, директордың орынбасары және дәрігер эпидемиологтары,  Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры мен  АИТВ-ға…

Бизнес құрылымындарындағы дәрістер

Облыстық АИТВ орталығының   алдын алу бөлімінің  маманы  Баймуханова М.У.«Болашақ Текникал Солюшнс»,«Ертілеу», «Молдагалиева Э.»,«Студия Анталия»  бизнес құрылымдар  қызметкерлеріне  дәріс   өткізді. Кездесу  барысында  АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығын  айтып түсіндірді. Дәріс соңында қатысушылардан сұрақтар қойылып, жауаптар беріліп,АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университет студенттерімен кездесу

2023 жылдың  6  қазанында   облыстық  АИТВ орталығының   алдын алу бөлімінің  маманы  М.У.Баймуханова  Х. Досмұхамбетов  атындағы  Атырау мемлекеттік университетінің №2жатақханасында студенттерімен «Жастар  арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу»тақырыбында  кездесу өткізді. Кездесудің  негізгі  мақсаты – студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру. Шарада  студенттерге АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, инфекциясының берілу жолдары мен  алдын алу шаралары туралы айтылды.    Сонымен қатар…

Бизнес және құқық колледжінің студенттерімен семинар

     Облыстық АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің  маманы  М.У.Баймуханова, №3қалалық емхананың «Үміт» жастар денсаулық орталығының маманы психолог Г.Телеубаева , колледждің  педагогтары В.Бертілеуова, Б.Ахметова бірлесіп, Атырау Бизнес  және құқық колледжінің студенттерімен «Жастар  арасында АИТВ-жұқпасынан  алдын алудың  маңыздылығы»тақырыбында  жылдық жоспарға сай  семинар   өткізді.          Басты мақсат – студенттердің АИТВ мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру.      Семинар барысында…

Құрманғазы ауданына әдістемелік көмек

АИТВ орталығының   дәрігері  Г.А.Умарова Құрманғазы аудандық ауруханасына  әдістемелік көмек көрсету үшін іс-сапармен барды. Әдістемелік көмек  барысында  дәрігер АИТВ жұқпасының өзекті мәселелері, оның ішінде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін, реципиенттерді уақытылы АИТВ-ға тексеруді басты назарда    екендігі  туралы  дәрігерлер мен орта буын қызметкерлеріне семинар-сабақ өткізді. Сонымен қатар  семинарға  аудандық ауруханаға  қарасты елді-мекендердегі дәрігерлік…

Атырау политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу

19 қыркүйек күні Атырау политехникалық колледжі студенттеріне «АИТВ- жұқпасы дегеніміз не? Оның алдын алу, жұғу жолдары. Қатынасқа дейінгі, қатынастан кейінгі алдын алу» тақырыптарында кездесу өткізілді. Кездесу барысында  слайдтар көрсетіліп, дәріс оқылды. .Студенттер өздерін алаңдатып жүрген сұрақтарын ашық қоя алып, нақты жауаптарын алды. АИТВ жұқпасы бойынша видеоролик көрсетілді. АИТВ-ның қазіргі облыстағы эпидемиологиялық ахуалы, жастар арасындағы таралуы…

Бизнес құрылымындарында АИТВ жұқпасына алдын алуға бағытталған дәріс

 2023 жылдың 10-14 қыркүйек  аралығында  облыстық АИТВ орталығының   алдын алу бөлімінің  маманы  Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС -ті білу маңызды!»  тақырыбында  мына бизнес құрылымдар  қызметкерлеріне  семинар  өткізді: «Ноtel  Sericte Home», «АГП Холдинг» ЖШС,  «Пикин», «ANTEY» ЖК. Кездесудің басты  мақсаты – бизнес қызметкерлерін  АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру. Дәріс барысында  АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың…

№2, №3, №5 емханасында әдістемелік көмек шеңберінде АИТВ –инфекциясын диагностикалау семинар сабағы

Атырау облыстық АИТВ-инфекциясының  зертхана маманы Г.Құрақова, Р.Өтежанова «№2, №3, №5 емханаларында» әдістемелік көмек шеңберінде экспресс-тестілеу әдісімен АИТВ-жұқпасын диагностикалауға семинар-оқыту сабағын өткізді. Семинар барысында орталықтың зертхана дәрігері Құрақова Г.Н. мына тақырыптарға «АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар, апаттық жағдай кезіндегі тактикалары қысқаша, келесі сұрақтарға тоқталды: тиісті контингенттер мен экспресс-тестілеу әдісімен АИТВ-жұқпасын диагностикалаудың жағдайлары, бақылау үлгілерін қолдана отырып,…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey