Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Ойын клубы мен туристикалық компанияға дәріс

Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы А.Сабекеева     «SHAMAN» ойын клубы мен «Альдана тур» туристикалық компаниясы қызметкерлері мен келушілеріне  «АИТВ жұқпасы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қатынасқа дейінгі  профилактика»  тақырыбында  семинар өткізді. Қатысушылар  жұқпаның жұғу жолын, қалай алдын алу қажеттігі, АИТВ-ға тексерілу туралы сұрақтарына тиісті жауаптарын алды. Семинар соңында қатысушыларға оқу ақпараттық құралдары таратылды.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған дөңгелек үстел

Атырау облыстық ЖИТС орталығы мен Облыстық әкімшіліктің Ішкі саясат басқармасына қарасты Азаматтық орталықтың үкіметтік емес ұйымдарға арналған «АИТВ инфекциясының алдын алудағы қоғамдастықтың маңызы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында АИТВ инфекциясының Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалы, халықтың түйінді топтарымен байланысты нығайту, және үкіметтік емес ұйымдарды құру туралы мәселелер талқыланды. Шара соңында қатысушыларға ақпараттық білім беру…

Тақырыбы: «Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау»

2023 жылы 25 мамыр  айында Атырау  облыстық ЖИТС орталығының маманы  Ж.Иманғалиева Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай  «Denholm-Zholdas»,  «Speedy Zholdas» ,«Relay Zholdas » ЖШС-ын бірлестіре отырып, қызметкерлерінің арасында дәріс өткізді. Дәріс барысында ақпаратттық білім беру материалдарды тарата отырып, адамдардың  АИТВ инфекциясын жұқтыру жолын және алдын алу шараларын білуі қажет екенін, зиянды әрекеттерден аулақ болу,…

Әскери бөлімде өткізілген дәріс

2023 жылдың мамыр айында ЖИТС-тен қайтыс болған  адамдарды еске алу күніне орай, Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Ж.Иманғалиева  №367392 әскери бөлімінің бойынша келген қатысуымен дәріс өткізді. Дәріс барысында АИТВ-жұқпасының алдын алу, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, емдеу және АИТВ-ға тексеруден өту жөнінде ақпарат бере отырып, халықтың назарын АИТВ жұқпасы мәселесіне аударуға және азаматтардың…

Бизнес орталығының қызметкерлерімен кездесу

Мамырдың үшінші жексенбісінде дәстүрлі түрде өткізілетін ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні қарсаңында Атырау облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы Ж.Иманғалиева ЖШС «Republic of Kazakhstan» бизнес қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басты мақсаты-АИТВ –инфекциясының таралуы және алдын алу мәселелері бойынша хабарлардықты арттыру. Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы дегеніміз не; кім жұқтыруы мүмкін;…

Аутрич қызметкерлермен кездесу

22 мамырда  ЖИТС орталығының мамандары   Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінде  аутрич қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Іс-шарада мамандар  Халықаралық еске алу күнінің маңыздылығы ,  ЖЖБИ, берілу жолдары, негізгі белгілері ,  жанасуға  дейінгі профилактика  туралы негізгі ақпаратты айтып берді. Кездесу   соңында мамандар сұрақтарға жауап берді.  

«Салимжан и К» ЖШС медицина қызметкерлеріне арналған семинар

2023 жылғы  19  мамырда «Салимжан и К» ЖШС-  ға облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары Р.Муканова  мен Д. Жарылғасова   Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінде  медицина қызметкерлеріне  семинар  өткізді. Келесі мәселелер қарастырылды: – Атырау  облысы бойынша 2023 жылдың 4 айының   эпидемиологиялық жағдайы; – Халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты – Баладан анаға АИТВ –инфекциясының берілуін алдын…

Мерейлі жаспен құттықтау

Фарида   Мнажатқызы! Атырау облыстық  ЖИТС орталығы сізді  мерейлі  50 жасыңызбен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын!

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Атырау облыстық ЖИТС орталығында 19 мамыр күні Дүниежүзілік  ЖИТС- тен  қайтыс   болғандарды   еске  алу күніне орайластырылған  Ашық есік күні өткізіледі. АИТВ-статусты анықтаудың жалғыз жолы – қанды зерттеу. Өз денсаулығын тексергісі келген  кез-келген тілек білдіруші ЖИТС орталығына келіп, дәрігер кеңесін алуына, АИТВ-ға (ВИЧ) тегін тексерілуіне, қажетті ақпараттар алуына  болады. Сенім телефоны 21-11-03.

АИТВ –ға жауапты мамандармен жұмыс кеңесі өтті

2023 жылдың   16 мамырында   Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығы   қаладағы  емханалар мен  жеке медициналық ұйымдардағы АИТВ-ға  жауапты мамандардың  қатысуымен «Жүкті әйелдерді және олардың  жыныстық  серіктестерін АИТВ  инфекциясына  тексерілуі» тақырыбында  жұмыс кеңесін  өткізді. Кеңесте  мамандар облыстың  эпидемиологиялық ахуалы, емханалар бойынша жүкті әйелдердің серіктестерінің  тексерілуі,  кодтардың  дұрыс қойылуы туралы  баяндады. Қатысушылар  тақырып аясында…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey