Атырау облыстық АИТВ  орталығы

АИТВ жұқпасының алдын алу

АИТВ орталығының маманы М.Баймұханова “АИТВ жұқпасының алдын алу” тақырыбында сәбилер үйі қызметкерлеріне дәріс өткізді. Бұл дәріс барысында М.Баймұханова АИТВ инфекциясының алдын алу, оның таралу жолдары мен қауіп-қатерлер туралы жан-жақты мәлімет беріп, қызметкерлерге жұқпаның таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды түсіндірді.

АИТВ инфекциясы: бизнес қызметкерлеріне дәріс

ТОО “Двойной стандарт”, ТОО “Атырау Дастан Отель”, ТОО “Әлім проект” қызметкерлеріне алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Иманғалиева Жұпар дәріс өткізді. Дәріс барысында Жұпар Иманғалиева АИТВ инфекциясының таралу жолдары, профилактика шаралары, тестілеудің маңыздылығы мен АИТВ жұқтырған адамдармен жұмыс істеу ережелері туралы кеңінен түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, ол АИТВ туралы қоғамда қалыптасқан қателіктер…

АИТВ инфекциясы және оны алдын алу шаралары

Merey Medical қызметкерлеріне АИТВ орталығының дәрігері Серікбаева Асем Қанатқызы әдістемелік көмек көрсетті. Ол медициналық қызметкерлерге АИТВ жұқпасының алдын алу, диагностикасы және емдеу жолдары бойынша жан-жақты түсінік беріп, түрлі клиникалық жағдайларды талқылады. Сонымен қатар, Асем Қанатқызы жаңа зерттеулер мен әдістемелер туралы ақпарат беріп, тәжірибелік жұмыстар арқылы қызметкерлердің білімін арттыруға көмектесті.

Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу: Білім ордаларындағы рөлі

АИТВ орталығының маманы М.Баймұханова АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында Атырау қаласындағы білім ордаларында дәріс өткізді. Аталған шара №12 Ф.Досымова, №5 Ғ.Мүсірепов және М.Отаралиев мектептерінде 200-ге жуық жоғары сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Бұл дәрістердің негізгі мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы ақпараттандыруды күшейту болды. Дәрістер барысында М.Баймұханова АИТВ…

Колледж педагогтеріне арналған АИТВ инфекциясы және оның алдын алу шаралары туралы дәріс

АИТВ орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Ж.Иманғалиева Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі педагогтеріне АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс педагогтерге АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, оның әсері, алдын алу шаралары және колледж оқушыларымен профилактикалық жұмыс жүргізудің маңыздылығы туралы ақпарат беруді мақсат етті.

Әріптестерді құттықтау

Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Айгүл Бақытжанқызы орталық қызметкерлері Лаева Роза Берденовна мен Саниязова Асем Сансызбаевнаны туған күндерімен құттықтады. Ұжым атынан мол бақыт, зор денсаулық пен қызметте табыс тілейміз!

Қызметкерлерге АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттандыру

Орталықтың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жұпар Иманғалиева АО “АТЭЦ” және ЖК “Уразбаева” қызметкерлеріне АИТВ тақырыбында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты – қызметкерлерге АИТВ инфекциясының таралуы, алдын алу шаралары, қауіп факторлары және денсаулыққа әсері туралы жан-жақты мәлімет беру болды.

Аутрич қызметкерлермен кездесу: 2024 жылғы қорытындылар және 2025 жылға арналған жоспар

Орталықта аутрич қызметкерлермен кездесу өткізілді. Кездесу барысында 2024 жыл бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы талқыланды. Қатысушылар өткен жылы атқарылған аутрич қызметінің тиімділігіне, оның ішінде профилактикалық шаралар мен мақсатты топтармен жұмыс жасауға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен міндеттері белгіленді. Жоспарға сәйкес, аутрич қызметкерлері жаңа бағыттар мен тәсілдерді қарастырып, профилактикалық шараларды күшейтуге…

АИТВ инфекциясы тақырыбында түсінік жұмыстары жалғасуда

Орталығымыздың мамандары Муканова Р. және Баймуханова М. Атырау қаласындағы “КТЖ”ҰҚ” Атырау магистральдық желі бөлімшесі” АҚ филиалының Атырау теміржол вокзалы және “Этажи” ИП “Ястребова” Центр недвижимость и ипотеки қызметкерлерімен кездесіп, АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуының болдырмау туралы дәріс оқыды. Дәрісте АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жұғу факторлары, профилактика шаралары және тестілеу маңыздылығы туралы терең мағлұмат…

АИТВ инфекциясы: алдын алу, таралу жолдары және профилактикалық шаралар

№21 Жамбыл атындағы орта мектеп оқушыларына орталығымыздың алдын алу бөлімінің эпидемиолог дәрігер көмекшісі Жупар Имангалиева АИТВ (ВИЧ) инфекциясының алдын алу, таралу жолдары, аурудың белгілері және оған қарсы күрес шаралары туралы дәріс өткізді. Дәріс барысында Жупар Имангалиева оқушыларға АИТВ-ның қандай жолдармен таралатыны, жұқпалы аурулардан қалай қорғану керектігі, денсаулықты сақтаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар,…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey