Орталықта қалалық сенбілік өткізілді
- admin_atsc
- 18.04.2022
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
15 сәуір күні қалалық сенбілікте Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары ішкі және сыртқы тазалық жұмыстарын, сонымен қоса аймақта көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
15 сәуір күні қалалық сенбілікте Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары ішкі және сыртқы тазалық жұмыстарын, сонымен қоса аймақта көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС -ті білу маңызды» тақырыбында бизнес құрылымдар: «Айым мебель » ЖШС,«STAFF FORT» ЖШС , « ЭРТРИ» ЖШС,« ЗМО- Энергия» ЖШС, ЖК « Сисенова А», «Чыныбеков » ЖШС, « Жолдас » ЖШС қызметкерлер арасында дәрістер өткізді. Кездесудің басты мақсаты – бизнес…
2022 жылғы 11 сәуірде Атырау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында қызметкерлер арасында директор орынбасары Л.Акбанова “Корпоративтік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Кодексі ” тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатының құқықтық және әдістемелік негіздерін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аспектерін, қызметкерлердің жемқорлықпен күресудегі міндеттемелерін атап өтті. …
Атырау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында 2022 жылдың 12 сәуірінде мүмкіндігі шектеулі пациенттерге медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен жағдайларының сапасын бағалау бойынша мониторингтік топ жұмыс жүргізді.
2022 жылдың 7-8 сәуірінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Умарова Г.А., Муканова Р.Т., Муканбеткалиева А.М., Серікбаева А.Қ., Жылыой аудандық емханасы және Вестерн клиник мекемелеріне әдістемелік көмек көрсетті. Шара барысында емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне эпидемиологиялық ахуал, қолданыстағы және өзгеріске енген нормативтік-құқықтық актілер, жүкті әйелдерді АИТВ –жұқпасына тексеру туралы, медициналық манипуляциялар кезіндегі апаттық жағдайларда АИТВ инфекциясының алдын…
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады. «Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады. Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Antikor…
2022 жылдың 24-30 наурызы аралығында алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У.«Servia Home Hotl», «Насиха», «Саурбаева Г.С», «Жансариева К.К» ЖШС- ның қызметкерлеріне дәрістер өткізді. Дәрістің мақсаты-бизнес құрылымдар мен халықтын арасында АИТВ/ЖИТС туралы хабардарлығын және өз денсаулығына байланысты жауапкершілігін арттыру. Шара барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы қанды…
2022 жылдың наурыз айында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-наркологы С.К.Каюповтың қатысуымен АИТВ/ЖИТС және нашақорлықтың алдын алу мақсатында әскери бөлімінде жеке құрамымен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты қатысушылардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, АИТВ мен нашақорлықтың байланысы айтылып өтті. Қатысушылар тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға маманнан толыққанды жауап алып, пікірталас өткізді. Қатысушыларға оқу ақпараттық құралдары таратылды.
2022 жылдың 29 наурызында Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының базасында Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 81 бұйрығын орындау мақсатында қалалық және аудандық бастапқы медико-санитарлық ұйымдардың госпиталды эпидемиологтары мен ЖИТС-ке жауапты дәрігерлері арасында «АИТВ инфекциясына тестілеуді ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Шараны орталықтың директоры Қ.Нұрмұханов ашып, директордың орынбасары…
2022 жылдың 14-18 наурыз аралығында УГ 157/1,УГ157/9,УГ 157/11 мекемелерінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары А.Абылғазиева мен Р.Муканова дәріс өткізді. Мамандар Атырау облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдары мен диагностикасын, алдын алуы мен антиретровирустық терапиясы туралы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды шеттету, кемсіту мәселелеріне тоқталды. Кездесуде қызықты мәселелер талқыланып, бірнеше сұрақтар қойылды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды…