МАМАН КЕҢЕСІ
- admin_atsc
- 26.11.2020
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының мамандары “Атырау” радиосының “Маман кеңесі” хабарына қатысып, журналистің сауалдарына жауап берді.
Облыстық ЖИТС пен күрес және алдын алу орталығының мамандары “Атырау” радиосының “Маман кеңесі” хабарына қатысып, журналистің сауалдарына жауап берді.
“Прикаспийская коммуна” газетінің тілшісі М.Қуанышева дниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай орталық директоры Б. Ғазизовпен сұхбатасты. Орталықтың тыныс-тіршілігі туралы толығырақ облыстық газеттің келесі санынан оқисыздар.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 80 пайызында ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Атырау облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталықтың бөлім меңгерушісі Баян Аустниязованың айтуынша, коронавирусты жұқтырған адам ең бастысы үрейге бой алдырмауы керек. «COVID-19 жұқпасы – кәдімгі инфекциялық аурудың бір түрі. Атауының өзі вирустың…
Атырау облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері 2020 жылдың 20 қарашасында Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті. Қызметкерлер мен емханаға келушілерге Дүнежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының мақсаты түсіндіріліп, АИТВ инфекциясының алдын алуда жахандық ынтымақтастық пен ортақ жауапкершіліктің маңызы айтылды.
Атырау облыстық ЖИТС орталығында 19 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Тілек білдірген 42 адам орталыққа келіп АИТВ-ға тексерістен өтіп, психоәлеуметтік кеңес алды. АИТВ –ның алдын алу турал бейнетаспалар көрсетіліп, қатысушыларға буклеттер таратылды.
2020 жылдың 16,17 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдасыруыменен ЖИТС-пен күрес кампаниясы барысында қылмыстық- атқару жүйесінің қарамағындағы УГ157/1, УГ157/11 пенитенциарлық мекемелеріндегі қызметкерлерімен арнайы контингенті, 5546 және Атырау облысының ҚР ҰҚК шекара қызметі бойынша департаментінің қызметкерлері арасында семинарлар өткізді. Шаралар карантиндік қауіпсіздік сақтану шараларымен өткізілді. Тыңдаушыларға АИТВ жұқпасының таралу жолдары, алдын- алу және сақтану шаралары,…
18 қарашада Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттерімен Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Айша Тунгатарова ара қашықтық сақтап тренинг өткізді. Еріктілер АИТВ инфекциясына экспресс тест арқылы тексерілуге мүмкіндік алды.
19 қараша 2020 жылы Атырау облысы ЖИТС орталығында онлайн форматта орталық педагогы Айша Тунгатарова атыраулық студент жастармен пікірталас өткізді. Шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы айтылып, студенттер сұрақтарына нақты жауап алды.
Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын- алу орталығының директоры Б.З. Газизовпен және орталық мамандарымен Фейсбук әлеуметтік желісі арқылы онлайн баспасөз брифингін өткізді. Брифингте 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС –пен күресу күніне орай Қазақстан Республикасында 16-22 қараша аралығында өтіп жатқан апталықтың мақсат- міндеттері айтылды.
Атырау облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері 2020 жылдың 18-19 қарашасында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбындағы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Атырау қаласының бірқатар мекемелерінде «СтройИнвест-К» ЖШС, «Идеал Маркет» ЖШС, Қалалық жұмыспен қамту орталығы, Ғ. Сланов атындағы облыстық кітапханасында қызметкерлермен және қала қала тұрғындарымен кездесулер өткізді. COVID-19 инфекциясы АИТВ/ЖИТС індеті сияқты әрбір адам қауіпсіздікте болмайынша, ешкім…