Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау энергетика және құрылыс студенттерімен өткен кездесу

Облыстық АИТВ орталығының мамандары М.Баймуханова , қоғамдық қорлар мен облыстық прокуратура мамандарымен бірлескен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында : «Адам құқықтары жолында дұрыс – жолды таңдаңыз!» тақырыбында Атырау энергетика және құрылыс студенттерімен семинар-тренинг өткізді. Шараның мақсаты: АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, зиянды әдеттен аулақ болуға насихаттау. Жастарға тақырыптық бейнетаспалар көрсетіліп, құқықтық…

«Адам құқықтары жолында дұрыс жолды таңдаңыз!»

Облыстық АИТВ орталығының мамандары М.Баймуханова , Л.Өтепова Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында : «Адам құқықтары жолында дұрыс – жолды таңдаңыз!» тақырыбында О. Көшеков атындағы Атырау агротехникалық колледжде кездесуге қатысты. Шараның мақсаты: АИТВ-инфекциясының алдын алу, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, зиянды әдеттен аулақ болуға насихаттау. Жастарға тақырыптық бейнетаспалар көрсетіліп, құқықтық сауаттылық деңгейін анықтайтын викториналық сұрақтар…

Ашық есік күні өткізілді

АИТВ-инфекциясының  алдын  алу  орталығында  Жыл  сайын  1 желтоқсан   Бүкіләлемдік  ЖИТС-ке  қарсы  күрес  күніне  орай , «Адам құқықтары жолында-дұрыс жолды таңдаңыз»  тақырыбында 26 қараша күні ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күнінде 15 адамға  АИТВ  мен  бірге В және С вирусты гепатиттеріне   тегін тексеріс жүргізілді.  

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен кездесу

2024 жылдың қараша айының 25-де АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары М. Баймуханова, Л. Өтепова Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экономика және құқық факультетінің студенттерімен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай АИТВ-инфекциясынан алдын алу мақсатында «Адам құқықтары жолындағы – Дұрыс жолды таңдаңыз!» ұранымен кездесу өткізді. Спикерлер АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, алдын алу және анықталуы туралы жан-жақты ақпарат берді….

LED-экран

Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күніне орай, қаланың орталық көшелеріне ақысыз АИТВ – ға тексерілуге болатыны туралы жарнамалық LED экран орналастырылды.

Мамандандырылған күзет қызметімен кездесу

ҚР ІІМ “ Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызмет басқармасы” ММ-нің өкілдерімен кездескен Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлім меңгерушісі А.Ж.Абылғазиева, дәрігер- эпидемиолог Р. Мұқанова АИТВ және ЖИТС-тің адам өміріне зияны мен одан қорғанудың жолдарын түсіндірді. Кездесуге қатысқандар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Сонымен қатар, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ерікті қызметкерлері жедел тест тапсырды….

«Таразы» бағдарламасына сұхбат

  Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері Альфия Меңдіғалиқызы, Төлеміс Серікұлы, Асем Қанатқызы және Геолог емханасында орналасқан “Самға” жастар денсаулық орталығының басшысы Талғат Әлішер Талғатұлы жергілікті “Caspian News” арнасының «Таразы» бағдарламасына сұхбат берді. Спикерлер АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында өткізілетін іс-шаралар, АИТВ-жұқпасы бойынша облыстың эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар мамандар тұрғындарды мінез…

“Мечта Маркет” Атырау филиалындағы науқан

АИТВ орталығының мамандары ЖШС “Мечта Маркет” Атырау филиалында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында акция өткізді. Іс-шара барысында жанасуға дейінгі профилактика, АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік, сонымен қатар АИТВ инфекциясына тестілеу және берілу жолдары туралы ақпараты бар парақшалар таратылды.

Жоғары сынып оқушыларымен кездесу

                                    2024 жылы 21 қарашада Ж.Қаражігітов атындағы №16 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен  облыстық АИТВ орталығының маманы М.Баймұханова  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні орай,  «Адам құқықтары жолында-дұрыс жолды таңдаңыз!» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында акция қарсаңында  онкүндік өтіп жатқанын, жастардың болашақта дұрыс жолды таңдауы…

№79 әйелдер түзету мекемесіндегілермен кездесу

2024 жылдың  20 қараша күні  ҚАЖД №79 әйелдер түзету  мекемесінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Адам құқықтары жолында- дұрыс жолды таңдаңыз!» тақырыбында мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматшалармен  кездесу өтті. Шара барысында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы М.Баймуханова мен №7 қалалық емханасының психологы Ш.Султангалиева, ОПДО психиатр-наркологы С.Макимова, №79 мекеме басшысының…

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey