Пациенттің қан тапсыруға дайындалуы бойынша нұсқаулық
- Қан тапсыруға дайындық зерттеу түріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Қажет болған жағдайда әрбір талдау бойынша ақпаратты медицина қызметкерінен алуға болады.
- Пациентті дайындау медицина қызметкерінің зерттеуге дайындалу талаптары мен талдау тапсыру шарттары туралы кеңес беруінен басталады.
- Қан алу орталықта келесі уақытта жүргізіледі:
- Дүйсенбі – бейсенбі: 08:45–13:00 және 14:00–16:00;
- Жұма: 08:45–13:00 және 14:00–15:30.
- Талдау тапсырар алдындағы күні әдеттегі тамақтану тәртібін сақтауға болады. Алайда майлы және ащы тағамдарды, алкогольді сусындар мен кофені шектеу ұсынылады. Кешкі уақытта жеңіл кешкі ас ішуге болады.
- Қан тапсырар алдында төмендегілерден аулақ болу қажет:
- ауыр дене жүктемесі;
- эмоционалдық күйзеліс;
- алкогольді ішімдіктерді тұтыну;
- темекі шегу.
- Қан айналымын тұрақтандыру үшін қан алмас бұрын кемінде 15 минут тыныш отырып демалу ұсынылады.
- Өзіңізбен бірге мыналарды алып келу қажет:
- дәрігердің жолдамасы (бар болған жағдайда);
- жеке басын куәландыратын құжат.
- Қан тапсырғаннан кейін бас айналудың алдын алу үшін 10–15 минут тыныш отырып демалу ұсынылады. Процедурадан кейін бірден тамақтануға болады.
- Қан алу кезінде су ішуге, тамақ жеуге және сағыз шайнауға болмайды. Ауыз қуысы бос болуы тиіс.
- Талдауларды бір зертханада тапсырған жөн, бірақ бұл міндетті талап емес. Әртүрлі зертханаларда түрлі тест-жүйелер, жабдықтар және өлшем бірліктері қолданылуы мүмкін. Нәтижелерді дұрыс бағалау және оларды өзара салыстыру үшін зерттеулерді бір зертханада, бірдей уақытта және бірдей дайындық талаптарын сақтай отырып тапсырған дұрыс.











