Алмастырушы қолдау терапиясының тиімділігі
- admin_atsc
- 28.02.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2017 жылдың 24 ақпанында Атырау облыстық ЖИТС орталығында облыстық наркология диспансерінің дәрігері С.Страмаусованың қатысуымен аутрич қызметкерлердің арасында инемен есірткі тұтынушыларды метадонмен қолдау терапиясы жөнінде «Алмастырушы қолдау терапиясының тиімділігі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуде ОНД дәрігері методонның Денсаулық министрлігімен заңдастырылғаны, алмастырушы қолдау терапиясының (АҚТ) тиімділігі, оның денсаулық үшін көптеген оң нәтиже беретіндігі, АИТВ жұқпасының таралуының төмендеуі туралы түсінік берді.
ЖИТС орталығының мамандары Атырау облысындағы АИТВ/ЖИТС-тің эпиджағдайы, АИТВ жұқпасының жаңадан тіркелуі методонмен емдеу арқылы алмастырушы қолдау терапиясына тығыз байланысты болатындығы туралы айтты.
Қатысушылар арасында пікірталас жүргізіліп, оқу ағарту материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments