ЖИТС орталығы мамандары әскери бөлімшелердегі шараларға қатысты
- admin_atsc
- 21.12.2017
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
ЖИТС орталығының мамандары «Денсаулыққа құқық!» ұранымен жүргізілген Кампанияға орай 8-15 желтоқсан аралығында Атырау әуе қозғалыс басқармасы, 2016, 5546, 51051, 41433, 41321 әскери бөлімдерінде ұйымдастырылған шараларға қатысты.
Шара барысында ЖИТС орталығының дәрігерлері облыстағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының берілу жолдарын, стигма, дискриминация және АИТВ–мен өмір сүрушілер жайында, алдын алу іс-шаралары туралы түсінік беріп, жеке құрам мен әскери қызметкерлерге сауалнама жүргізді.
Әскери қызметкерлер концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Қатысушыларға ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.
comments powered by HyperComments