Бизнес –құрылымдардың арасында өткен семинарлар

- admin_atsc
- 19.11.2018
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
19 қарашада Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу жөніндегі орталығының мамандары «KMG-Security», «Спецавтобаза», «Вандер Ван Интернэшнл», «Ангар Строй ЛТД 5», «DDA Service»ЖШС қызметкерлерінің арасында АИТВинфекциясын алдын алу бойынша семинарлар өткізді. Семинарларда ЖИТС орталығының алдын-алу бөлімінің мамандары АИТВ-ның алдын алу саласында тиісті ақпаратпен бөлісті. Семинарда анықталған проблемаға ұйым қызметкерлері қызығушылық танытты. Семинар барысында мамандарға сұрақтар қойылды, содан кейін «Халық арасында АИТВ инфекциясын алдын алу» тақырыбында пікірталастар мен талқылаулар өтті.Қорытынды бөлімде семинарға қатысушылар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша ақпараттық және оқу материалдарын алды. Іс-шараның жұмысын қорытындылай отырып, алдын алу жұмыстары халықтың денсаулығын сақтау және бақылауда АИТВ инфекциясын тоқтатудың ең тиімді әдісі болып табылатынын атап өтті.