Атырау қ. АИТВ-инфекциясын алдын алуға бағытталған дәріс

- admin_atsc
- 05.03.2019
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
Атырау облысының статистика Департаментінде «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Лекцияны облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов жүргізді.
Дәріс барысында АИТВ және ЖИТС туралы түсініктер, халықтың арасында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, диагностика, емдеу және алдын алу шаралары талқыланды. Стигма мен шеттетушілікке ерекше назар аудартылды. Ол облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды және орталықтың достастық кабинетінің жұмысы туралы айтып берді, сондай-ақ слайдтар көрсетіліп, оқу-ақпараттық материалдары таратылды.