Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Акция « Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!»

Бүкіл әлемде ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығы 23 мамырда Атырау мемлекеттік университетінің «Студенттер үйінде» жастар арасында «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!» тақырыбында кең көлемді акция өткізді.
Акцияны ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Б.Ережепов ашып, АИТВ/ЖИТС-тің таралу жолдары, болашақ жастарымыздың дені сау, бақытты болуын, қазіргі күні дискриминацияға жол берілмейтіндігін түсіндірді.
Акцияға ЖИТС орталығының мамандары, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттер үйінің басшылары мен студенттері,медициналық колледж студенттері қатысты
Шара барысында көрермендерге медициналық колледж студенттері театральді көрініс қойылымы мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырды.
Ерік білдіргендер жедел-тест арқылы тексеріліп, оқу-ағарту құралдары таратылды. Белсенді қатысқан студенттер естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жергілікті «Казақстан-Атырау» телеарнасының түсірілімі жүргізіліп, сұхбат берілді.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey