Атырау облыстық  ЖИТС орталығы

Жылыой ауданының медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

24-шілде күні Ережепов Б.Е. алдын алу бөлімінің меңгерушісі, диспансер бөлімінің инфекционист дәрігері Қарабекова А.М, дәрігер эпидемиолог Қазиханов Е.О. және сапа жөніндегі менеджер Кертаева М.М. Жылыой аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлер арасында «Медициналық ұйымдарда АИТВ –ның алдын алу» тақырыбына семинар өткізді.
Семинар мақсаты: Постбайланысты профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру, медициналық қызметкерлерді АИТВ-дан анадан балаға берілу мәселесі, халықты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-инфекциясына тестілеумен қамтуды арттыру және АӨА аурудың ерте кезеңдерінде анықтау.
Семинар барысында АИТВ-ның облыстағы эпидемиологиялық жағдайы туралы, кәсіби байланыс болған жағдайдағы әрекеттер туралы, инфекцияны ерте кезеңнен бастап анықтау мақсатында медициналық ұйымдарда пациенттерді АИТВ-инфекциясына тексерудің толыққандылығын қадағалау; АИТВ -инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу шараларын енгізу туралы ақпарат берілді.
Семинар рөлдік ойындар арқылы өткізілді, 48 қызметкер қатысты. Семинарға дейін және кейін сауалнама жүргізіліп, сұрақ- жауап алынды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey 
Accessibility