Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Пресс-релиз

1-желтоқсан – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына (ЖИТС-СПИД) қарсы күрес күні дүние жүзінде 1988 жылдан бері жыл сайын аталып келеді. 2019 жылы 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында осы атаулы күнге орай өтетін іс-шаралар ұраны – «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі».
Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні – халықаралық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет етуде қауымдастықтар атқарған маңызды рөлді мойындауға мүмкіндік береді.
Қоғамдық бірлестіктер ЖИТС-ке қарсы күресте көптеген жолдармен ықпал етеді. Олардың көшбасшылығы мен үгіт-насихаты адамдардың іс шаралар назарында болуын және іс шаралардың өзі негізделген және маңызды болуын қамтамасыз етеді. Қоғамдастықтар құрамына АИТВ-мен өмір сүретін немесе оған қатысы бар адамдар, мысалы, гейлер және еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектер, инъекциялық есірткі тұтынушылар және секс-бизнес қызметкерлері, әйелдер мен жастар, кеңесшілер, медицина қызметкерлері, үй қызметтерін ұсынушылар, азаматтық қоғам ұйымдары және қоғам белсенділері кіреді.
06.11.19 және 13.11.19 күндері ЖИТС орталығында «Ашық есік» күндері жоспарлануда. Айлық шеңберінде «BAIZAAR», «Атырау» сауда орталықтарында акциялар өткізіледі.
Жастар жылы шеңберінде емдеу-сауықтыру мекемелерінде қызмет ететін жастар денсаулық орталықтарының қызметкерлерімен бірлесе 15-29 жас аралығындағы жастарды және Атырау облысындағы университет,колледж студенттерінің және мектеп оқушыларының АИТВ/ЖИТС туралы білім деңгейін жоғарылату мақсатында ақпараттандыру шаралары жоспарлануда.
Сонымен қатар, айлық кезінде колледж студенттеріне волейболдан турнир және мектеп оқушыларына квест ұйымдастырылуда. ЖИТС орталығы мамандарының күшімен тұрғындардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін тексеретін әлеуметтік бейнороликтер дайындап, белсенді түрде әлеуметтік желілерде жариялау жоспарлануда.
ЖИТС тақырыбының саяси күн тәртібінде болуын, адам құқығын және шешім қабылдаушылардың жауапкершілігін қамтамасыз ету үшін қоғамдастықтың үгіт-насихаты бұрынғыдан да қажет.
Атырау облыстық ЖИТС орталығында және барлық қалалық, аудандық емханаларда АИТВ-ға тестіден өтуге болады. Мұнда кез-келген адамға анонимді түрде тегін тексерілуге де мүмкіндік бар. АИТВ-статусты білудің жалғыз жолы – қанды зертханалық тексеру.
Рейтинг бойынша Атырау облысы АИТВ жұқпасының таралуы бойынша төменгі деңгейдегі аймаққа жатады. 2019 жылдың 10 айында 26 адам АИТВ жұқпасымен тіркелді. 1993 жылдан бері өсу нәтижесімен (кумулятивті) облысымызда 329 азамат бұл жұқпаға шалдыққан.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey