Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Баспасөз релизі 14.05.2020

17 мамыр – Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні



Мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Оны Қазақстанда CОVID-19 пандемиясы кезінде атап өту-бұл АИТВ инфекциясының одан әрі таралуына қарсы әрекет етуге, коронавирустық инфекциядан емделушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға дайындығын көрсететін тағы бір мүмкіндік.

Барлық өңірлік орталықтарда емделушілердің денсаулығын сақтау мақсатында антиретровирустық (АРВ) препараттарды беру ұзақ уақытқа артығымен қолға беруге ұйымдастырылды. Оқшаулауға келген барлық мұқтаждарға медициналық қызметкерлер дәрі-дәрмектерді үйге жеткізді. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың аутрич-қызметкерлерімен және волонтерлерімен бірге жеке қорғану құралдарын – маскаларды, қолғаптарды, санитайзерлерді жеткізуді да ұйымдастырды. Жұмысынан айырылған және азық-түлікке мұқтаж адамдардың тізімін дәрігерлер әкімдіктер мен халықаралық гуманитарлық ұйымдарға жіберді.

– COVID-19 алдындағы тәуекелдер біздің пациенттер үшін теріс мәртебесі бар адамдар үшін тәуекелдерден еш айырмашылығы жоқ. Бұл вирустық жүктеменің басылған жағдайында. Кері жағдайда тәуекелдер артады. Сондықтан біз үшін АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың барынша оқшаулануы өте маңызды болды, – дейді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.

Жыл сайын елімізде АИТВ-мен өмір сүретін, антиретровирустық терапиядағы адамдар саны артып келеді. Соңғы бес жылда қамту 36-дан 68 пайызға дейін артты. Емдеу сызбасы да жетілдіріліп, заманауи препараттар сатып алынуда. Бұл емделушілердің денсаулығын сақтауға және сапалы өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының індеті шоғырланған сатыда тұр. 2020 жылдың бірінші мамырына ел азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының жағдайы үдемелі қорытындымен 37860 тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңі мен салыстырғанда АИТВ-жұқпасының жаңа жағдайларының 13 пайызға өскені байқалады. АИТВ-ның жаңа жағдайлары санының артуы – Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін жалпы үрдіс.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey