Атырау облыстық АИТВ  орталығы

Атырау қаласындағы  қылмыстық-атқару  жүйесі және әскери бөлімшелерде семинарлар

2020 жылдың 16,17 қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандарының ұйымдасыруыменен   ЖИТС-пен күрес кампаниясы барысында қылмыстық- атқару жүйесінің  қарамағындағы УГ157/1, УГ157/11 пенитенциарлық мекемелеріндегі қызметкерлерімен арнайы  контингенті, 5546 және Атырау облысының ҚР ҰҚК шекара қызметі бойынша департаментінің қызметкерлері  арасында семинарлар өткізді. Шаралар карантиндік қауіпсіздік сақтану шараларымен өткізілді.

Тыңдаушыларға  АИТВ жұқпасының таралу жолдары, алдын- алу және сақтану шаралары, Атырау облысындағы эпидемиологиялық жағдай, Дүниежүзілік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күресу күннің маңыздылығы  туралы мәлімет берілді. АИТВ жұқпасын алдын-алу жұмыстарының бастысы АИТВ-ға шалдыққан адамдарды ақпаратпен, қажетті қызметпен, әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз ету. Аталған мекемелерде семинар соңы ішкі құрам және арнайы контингент арасында  спорттық шараларға ұласты. Шаралармен 70 адам қамтылды, оқу ағарту құралдары таратылды.

comments powered by HyperComments

Атырау облыстық ЖИТС орталығы - Сапалы қызмет және әрбір науқасқа жеке көзқарас сапасы!

Яндекс.Метрика
Thomas Hickey Jersey