Атырау қ. Төтенше жағдайлар Департаментіде кездесу

- admin_atsc
- 24.05.2021
- Жаңалықтар
- Пікір жоқ
2021 жылы 21 мамырда Облыстық ЖИТС орталығының профилактикалық бөлімінің маманы М.Баймуханова ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Негізгі мақсаты: қатысушылардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, АИТВ / ЖИТС туралы толыққанды ақпарат беру .
Кездесу барысында эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ның берілу,алдын алу жолдары, өз мәртебесін білудің маңыздылығы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау, оларға көмек көрсету туралы айтылып өтті.
Шара соңында ақпараттық және оқыту материалдары таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.